Атырау, 28 қараша 08:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жаңа ықшамаудан көшелеріне атаулар беріледі

4 329 просмотра

Image 0Фото "АЖ" мұрағатынанatyrau.gov.kz сайтының қалалық әкімдік бөлімінде 13 маусымдағы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының хаттамасы жарияланған. Депутаттар көше атауларының тізімін қарастырды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВ бастапқыда соғыс және еңбек ардагерлерінің есімдері берілген жаңа ықшамаудандардағы көшелерді атады.

Самал ықшамауданында №1 көше – Қабдолла Өтеуліұлы, №2 – Ысқақ Марат, №3 – Амангелді Оспанов, №4 – Боздақ Рзаханұлы, №5 – Табиғат Қалимов, №6 – Асау Барақ батырлар, №7 – Владимир Гафнер, №8 – Саламата Өтеғалиев, №9 – Бақай Кереев, №10 – Әмірғали Есмағамбетов, №11 – Серік Сағытжанов, №12 – Рахым Көшембаев, №17 – Өтешқали Есмағанбетов, №18 – Ер Қосайұлы Пыштанай батыр, №19 – Өмірзақ Есмурзин, №20 – Төре Дәулетияров, №21 – Манап Ғалимұлы, №22 – Жүсіп Мусин, №27 – Хамза Оразов.

Нұрсая ықшамауданында: №11 көше – Берік Қорқытов, №12 – Таумұш Жұмағалиев.

Лесхоз ықшамауданында: №1 көше – Қуаныш Ғилымов, №2 – Қабдола Құлтасов, №3 – Оспан Бекбосынов, №4 – Ержігіт Нұрханұлы, №5 – Құмар Кенжеғалиев, №6 – Уатай Байменов, №7 – Болат Байжігітов, №9 – Ризуан Мұғайыпов, №19 – Панар Бекбосынова, №22 – Қуанғали Бисенов, №23 – Жайлыбай Қызылбаев.

Атырау ықшамауданында: №1 көше – Хайролла Дәулеткереев, №17 – Халхан Төрешев, №22 – Қуанғали Қуатбаев, №23 – Ескендір Шәкіліков, №38 – Есболай би, №41 – Айтқали Ибраев, №57 – Ізтұрған Сариев.

Ақшағала ықшамауданында: №2 көшесі – Жәлен Төлепов.

Сонымен қатар, А. Рысқалиев Балықшы поселкесіндегі атаулары қайталанған көшелер мен өткелдерді:

Абай Құнанбаев көшесін – Кенесары Қасымұлы (Қазақ хандығының соңғы ханы) көшесіне, Бауыржан Момышұлы көшесін - Хақназар хан (1538-1580 жж. билік құрған қазақ ханы) көшесіне, Мағжан Жұмабаев көшесін – Күлтегін (Шығыс Түркі Қағанатының қолбасшысы) көшесіне, Дина Нұрпейісова көшесін – Тоныкөк (Шығыс Түркі Қағанаты заманындағы қаған кеңесшісі) көшесіне, Жұмекен Нәжімеденов көшесін – Алтын Орда көшесіне, Мұса Баймұханов көшесін Білге қаған (Шығыс Түркі Қағанатының қағаны) көшесіне, Наурыз өткелін – Сығанақ (Ақ Орданың астанасы) өткеліне қайта атау жөнінде ұсыныс білдірді.

Тұрақты комиссиялар тізімді мақұлдап, қалалық мәслихаттың 4-ші сессиясына жолдады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 маусым 2016, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.