№1 Атырау қалалық соты «Атыраубалық» АҚ жұмысшыларының 768 талап-арызын қарап шығып, кәсіпорын басшылығын 54 миллион теңгеден астам сомада өз жұмысшыларына еңбекақы бойынша бережағын төлеуге міндеттеді.
Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, жұмысшылардың талап-арыздарының түсуіне қарай бережақ соманың қалған бөлігі де өтелетін болады.
Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қазанында «Атыраубалық» АҚ-ның мамыр айынан бастап жалақы алмаған жүздеген жұмысшылары компания кеңсесінің алдында митинг ұйымдастырған еді. Кейінірек қалалық прокуратура прокурорлық әрекет ету шарасының нәтижесінде кәсіпорын басшылығы 441 жұмысшыға 11 миллион теңге сомасында еңбек ақы төлегенін хабарлады.
Сәния ТОЙКЕН
Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды