Алақай, автокөлік нарығында жекелей болса да, аз-мұз дағдарыстан құтылғандаймыз. Автодиллерлер жеңімпаз атанған көліктерді салыстыра бастады: өткен жылғы сату деңгейі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге жетті. Көптеген сатушылар 2012 жыл қаржылық жағынан сәтті болған 2007 жыл секілді жағымды болады деп күтуде. Олардың болжамы бағаға қатысты да жағымды: машиналар қымбаттамайтын болды.
2011 жыл «халықтық» «Лада» үшін жемісті жыл болды. Шілдедегі ұсталған шетелдік автокөліктерді кедендік рәсімдеудегі жеңілдік алынғаннан кейін ол жетістікке қол жеткізді. Қазір әрбір үшінші автокөлік сатып алушы жаңа қарапайым ғана ресейлік немесе қазақстанда жиналған осы көлікті қалайды.
«Бірден айта кетейін «Ладаны» сатудағы мемлекеттік мекемелердің үлесі тек 10 пайызды ғана құрады, бұл автокөліктерді сатып алушылардың басым бөлігі – аса қымбат және кірпияз емес көлікті қалайтын қатардағы қазақстандықтар, - деп хабарлады «АЗИЯ АВТО» АҚ президенті Ержан Мандиев. – Жалпы алғанда, 2011 жылы нарық өзінің екі еседен артық деңгейге көтерілгендігін көрсетті. Қазір жаңа автокөліктердің сегменті өздерінің дағдарысқа дейінгі көлем деңгейлеріне ілігіп отыр. “БИПЭК АВТО” компаниясының тобы жалпы алғанда (құрамына “АЗИЯ АВТО” АҚ автокөлік құрастырушы зауыт кіретін) 2011 жылдың қорытындысы бойынша 20 мың автокөлікті сатты. Компанияның автосалонына қарашада республикада сатылған барлық жаңа автокөліктердің 52% келеді. Kia, Chevrolet және Skoda автокөліктерінің сатылу көлемі «Ладаны» сатып алушылар санының жартысын құрады. Биылғы жылы Chevrolet автокөлігін сату деңгейі екі есеге дейін өсті, ал, Skoda сату көлемі болса, үш есеге дейін көтерілді.
Бір қарағанда, тосын жағдай болғанымен, кедендік рәсімдеудегі жеңілдік кезіндегі нарық 1 шілдеден кейінгі жағдаймен салыстырғанда барынша жоғары қарқынмен өскен болатын. 2010 жылы сату көлемі барынша баяу болды, сондықтан да 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында пайыздық өсімі 137-154% дейін жетті. Қазір нарық орташа алғанда 100% дейін ғана. Демек, 1 шілдеден кейінгі өсімнің артуы бірінші кезекте жеңілдік тарифтердің алынып қалуына байланысты деген болжамның негізі жоқ. Сондай-ақ, біз 2012 жылы шын мәнінде жаңа кедендік режимнің қуатты тиімділігін сезінетін боламыз. Тарифтік реттеу – бұл ешқандай іркіліссіз жұмыс жасайтын механизм. Тұтынушының егер дәл сондай ақшаға жаңа көлік сатып алуға мүмкіндігі болса, онда ол ұсталған автокөлік үшін артық төлемейтін болады. Және тіпті, үсті-үстіне келіп жатқан «секонд-хендтің» нақты санына қарамастан нарық өзгеріп үлгерді – жаңа автокөліктерді сату ұсталған көліктерді сату көлемінен артып кетті. Дәл мұндай жағдай отандық нарықта бұрын-соңды болып көрген емес. Сату аясы кешегі ұсталған көліктерді сатып алған сатып алушылардың есебінен өсетін болады. Сондықтан да жылдық есептеу бойынша 60 мың автокөлікті сату көрсеткішіне қол жеткізген дағдарысқа дейінгі нарықты қайта қалпына келтіру таяу айлардың еншісінде деуге болады. Оның үстіне республикадағы тұрғындардың жеңіл автокөлікпен қамтылуы 1 000 адамға шаққанда 200-ден аспайды. Бұл кеңестік дәуірдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Жалпы ішкі өнімнің аясында бұл цифр көп жылғы өсімге кепілдік болып табылады. Егер әлемдік дүмпудің әйгілі «екінші толқынын» және оның қазақстандық экономикаға тигізер әсерін жақша ішінде қалдыратын болсақ, онда келесі жылдардағы нарықтың даму болжамы 2011 жылдың динамикасынан барынша жоғары болуы мүмкін. Бұл жерде жаңа автокөліктердің пайдасына қарай тұтынушылар сұранысының құрылымындағы жаңарулар өз рөлін атқаратын болады. Біз келер жылы жүз мыңдық белгілерді жеңіп шығуды күтіп отырмыз.
ТОЙОТА ЖӘНЕ ЗІЛЗАЛА
«Тойота-центр Атырау» бас директоры Эдуард КУЗНЕЦОВ әріптестерінің болашаққа деген сенімдерімен бөліседі. Айталық, әйгілі «жапондық» көліктер соңғы жылдардың статистикасы бойынша дағдарысқа дейінгі көрсеткіштің бар болғаны 10 бірлігін ғана толтыра алмаған:
2007 жыл – 360 бірлік
2008 жыл – 240 бірлік
2009 жыл – 250 бірлік
2010 жыл – 250 бірлік
2011 жыл – 350 бірлік.
– Бағалар жоспарлы түрде өсіп келеді, жалпы алғанда, баға қымбаттады – бірақ, жалпы инфляцияның шегі бойынша. Егер нақтырақ айтар болсақ, онда бұл бірлік 2 000 доллар (көлік моделіне қарай), яғни, жалпы құнының 2 пайызынан артық емес болады. Қандай болжамдар бар? Бүгінгі күні менде ондай маркетингтік мәліметтер жоқ. Менің ойымша, бағалар жалпы инфляция аясында өсетін болады.
– Сатуға наурыздағы зілзала қалай әсер етті?
– Көптеген мердігерлер зардап шекті, жер бетінен кейбір зауыттар ғайып болды. Жиынтық бөлшектер жетіспеді, 3 айдай барлық құрастыратын желілер бар күштерін жұмсап жұмыс істеді, автокөліктер жетіспеді. Өндіріс орындарын көшіру жұмыстары жүргізілді, тек қыркүйек айында ғана құрастырушы зауыттар 90 пайыз қуатты өз жұмыс режимдеріне көшті. Сату, шынында да шілдеден бастап төмендеді, машиналар жеткізіліп үлгеріл-меді, тасымалдау орташа алғанда 3 ай мерзімге созылды.
- Дәл сол шілде айында «Тойота» сұраныстан қалды деген алып-қашпа әңгіме шыға бастады, сіздің салондарыңыздың алдында «фукусимдық» деп атау алып үлгерген машиналар тізбесі ұзақ уақыт бойы тұрды.
- Бұл ірі компаниялардың бірі үшін алынған үлкен бір тапсырыс еді. Оның жапондық зілзалаға ешқандай қатысы жоқ, ол көліктердің барлығы бірдей Таиландтан әкелінді. Бізде машиналар тұрып қалмайды, керісінше жетпей жатады. Кейбір моделдерге деген тапшылық әлі де бар, оларға күту парақшасы 3-4 ай бұрын жазылады. Шынында да машиналардың 99% Жапонияда құрастырылады, бірақ, барлық құрастыру желілері Фукусимадан алыста, оның үстіне, жер сілкінісінен кейін өндіруші машина шығару кодексіне түзетулер енгізді, енді әрбір шығарылған «Тойота» моделі радиация деңгейіне тексерілетін болады.
КІМГЕ ЖЕҢІЛДІК,КІМГЕ КӨЗ ЖАСЫ
Бүгінгі күні қазақстандық нарықта «Suzuki», «Audi», «Mitsubishi», «Volkswagen» автокөлік бренділерін ұсынушы «Меркур» ЖШС тауардың тапшылығынан басқаларынан көп жапа шекті. Коммерциялық директор Дулат БАҚЫТГЕРЕЕВТІҢ айтуынша, дағдарыс өткенімен, ресми диллерлік бизнеске оңай тиген жоқ, әсіресе, ұсталған шетелдік көліктерді әкелудің жеңілдік кезеңі - 2010 жылдың шілдесі мен 2011 жылдың шілдесі аралығын алыңыз.
- Біз тауарды жеткізу проблемаларына байланысты клиенттеріміздің 40% жуығын жоғалттық, -дейді Бақытгереев. – Біздің жеткізуші компаниямыз «Мицубиси Моторс» машиналарды жеткізуді ұйымдастыра алмады, көлік компаниялары біздің тапсырыстарымызды алып келуден бас тартты, өйткені, олардың автобазалары БАӘ мен Грузия, Белоруссия, Финляндиядан әкелінген көліктерге толы болды.
Кедендік рәсімдеудегі жеңіл-дік тарифтерге қатысты орын алған дүрбелең «Меркурға» қымбатқа түсті. Сол кезеңде тапсырыс берілген машиналар жылдың аяғында келді, ал, бүгін «Меркур» қоймалары өткен жылғы «сузуки» және «мицубисилерге» толып тұр. «Меркур» ЖШС-нің көрсеткіш кезеңіндегі жалпы статистикалық көрсет-кіші солғындау:
2007
Volkswagen – 82
Mitsubishi – 212
Audi – 2
Сhevrolet Niva – 197
Ford – 71
Барлығы – 564
2008
Volkswagen – 85
Mitsubishi – 203
Ford – 60
Сhevrolet Niva – 85
Барлығы – 433
2009
Volkswagen – 31
Mitsubishi – 97
Сhevrolet Niva – 6
Audi – 4
Ford – 7
Барлығы – 145
2010
Volkswagen – 20
Mitsubishi – 50
Audi – 3
Land rover – 1
Volvo – 1
Porsche Cayenne – 1
Барлығы – 76
2011
Volkswagen – 21
Mitsubishi – 56
Audi – 2
Porsche Cayenne – 1
Suzuki – 17
Барлығы – 96
«ҚАЗАҚТАР САУДАЛАСПАЙДЫ!»
Бақытгереевтің пікіріне қарамастан жеке диллер Әнуар Р. жеке диллерлер ресми салондарға бәсекелес бола алады деп есептемейді. Алайда, жан-жақты алып қарайтын болсақ, бұл барынша жеке бір адамның пікірі. Дегенмен, оның айтуынша, Қазақстандағы жеке тұлғалар үшін кедендік рәсімдеу бойынша жеңілдік беру жөніндегі жарлық тіпті, басқа елдердің, мәселен, Біріккен Араб Әмірліктері және Грузия елдерінің баға саясатына да әсер еткен.
- Біріккен Араб Әмірліктері көлік әкелудің жеңілдік тарифтері енгізілгеннен бастап, ұсталған көліктердің бағасын көтеріп жіберді. Егер бұған дейін 2005 жылғы шыққан «Camry»-35 онда 5 000 доллар болды, ал, 2010 жылдың шілдесінен кейін оның бағасы 7 000 долларға дейін жетті. Жеңілдік тарифтері аяқталғаннан соң, тамызда баға қайтадан төмендеп, бұрынғы бағасына түсті. Қазір олар одан да төмен. Ақпанның аяғы, наурыздың басында маусым басталысымен бағалар дәстүрлі түрде көтеріледі, олар үшін майшелпек сатып алушылар – қазақтар. Арабтар сатып алушы ретінде қазақтарға ерекше құрметпен қарайды:
- Қазақтар саудаласпайды, - дейді Әнуар. – Қазір машинаны Белоруссиядан әкеліп жатыр, өйткені, тек ҚҚС ғана төлейді, кедендік рәсімдеудің қажеттілігі жоқ. 1 шілдеден кейін сатып алғандығы үшін рәсімдеуде (егер машина Белоруссия аумағына Германиядан әкелінген болса) тек айырмашылығын ғана төлейді. Енді Грузиядан әкелу тиімсіз, Екінші орында БАӘ, одан кейін Америка тұр.
Базардағы ұсталған көліктердің қазіргі бағасы жоғары, бірақ, кімде-кім «Грузиядан» келген партиядан болса, онда бағаны төмендетуге мәжбүр, өйткені, кез-келген машинаға жылдың өткендігі минус болып есептеледі және олар барған сайын арзандайды, маусым басталған кезде «жаңа» көліктер (2009-2011 жылы шыққандар) келе бастайды. Көлік базары әзірге 1 шілдеге дейін әкелінген 2005-2008 жылғы машиналарға толы.
- Мен күні кеше ғана базарда болдым. 2007 жылғы шыққан «сороковкалар» жаңа жылдың қарсаңында 24-25 мың доллар болса, енді олар үшін 23-24 мың доллар сұрап тұр.
КӨМЕККЕ ИНТЕРНЕТ КЕЛЕДІ
Әрбір қазақстандықтың таңдауы бар – салонға барып, көлік жеткізушімен келісуіне немесе өзі алып келуіне болады. Интернеттің көмегіне жүгіне алады. Қолданыстағы жаңа тарифке сәйкес шыққанына 5 жылдан көп болмаған машинаны әкелу тиімді екендігін айтқым келеді. Пайдалану мерзімі жоғары көліктерге салынатын баж салығы қалтаға оңай соқпайды. Көлік алуға бел шешкендер үшін өз бетімше есептеген кедендік рәсімдеудің бірнеше мысалдарын келтіре кетейін.
Өткен жылдың 1 шілдесінен Қазақстанға әкелінген көліктерді кедендік декларациялау Біріңғай кедендік тариф мөлшерлемелері бойынша жүргізіледі.
1 шілдеге дейін кедендік баж салықтарының жеңілдік мөлшер-лемелері қозғалтқыш көлеміне қарай бір текше сантиметр үшін 0,35 0,6 еуроға дейін құрайды.
Шетелден және Кедендік одақтан тысқары елдерден машиналарды әкелу барысында кедендік рәсімдеу құнын қалай есептеуге болады? Мына шығандар бабын ескеру керек: Кедендік рәсімдеу кезіндегі кедендік алымдар (60 еуро)
1. Кедендік баж салығы (көлеміне көбейтілген баж салығының мөлшерлемесі)
2. Акциз (егер двигатель көлемі 3000 текше см жоғары болса) 100 теңге/текше см (мәселен, егер көлемі 3500 текше см болса, акциз 350 мың теңгені құрайды)
3. ҚҚС мөлшері былай есептеледі: сатып алу құны+ жеткізу барысындағы көлік шығындары (ауданда 1 500 доллар) + кедендік алымдар + кедендік баж салығы + акциз). Осы соманың 12% және үстеме құнының салығын құрайды.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Жаңа машиналарды әкелу барысындағы кедендік рәсімдеу мөлшерлемесі
Двигатель көлемі
1500-ден 1800 текше см дейін;
1800-ден 3000 текше см дейін;
3000 текше см жоғары
Баж салығының мөлшерлемесі
1,45 еуро/см3 + 12% ҚҚС;
2,3 еуро/см3 +12 % ҚҚС;
2,8 еуро/см3+12% ҚҚС.
Ұсталған машиналарды әкелу барысындағы кедендік рәсімдеу мөлшерлемесі
Двигатель көлемі, жылы
3 жылдан кем емес, көлемі 1500-1800 текше см;
5 жылдан жоғары, көлемі 1800-3000 текше см;
5 жылдан жоғары, көлемі 3000 текше см жоғары
Баж салығының мөлшерлемесі– 1,45 2,8 еуроға дейін+12% ҚҚС;
4 еуро+12 %ҚҚС;
5,8 еуро+12% ҚҚС