Атырау, 23 қараша 19:25
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Қазақмыс» кеншілері жалақы көтеруді талап етіп, жұмыстарын тоқтатып тастады

2 309 просмотра

Кеше Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының үш шахтасының шахтерлері мен кәсіпорын жүргізушілері жұмыстарын тоқтатты. Бұл жөнінде «Әлеуметтік әрекеттер» қозғалысының баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай қадам жасауға корпорацияның ішінде орын алған қаржылық қулық-сұмдықтары себеп болған. Жұмысшылар басшылыққа дауды шешу үшін бірнеше күн уақыт беріп отыр, егер мәселе шешілмейтін болса олар ереуілге шықпақшы.

Бірінші болып, қолдарына жалақыларын алған «Қазақмыстың» шахтерлері жұмыстарын тоқтатқан. Сонымен бірге, рейстегі автобус жүргізушілері де айлық жалақыны көтерсін деген талап қойып отыр. Сосын оларға жұмысшыларды тасымалдап жүрген автобус жүргізушілері де қосылған.

Дереккөз: "KazBIN"

11 қаңтар 2012, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.