Атырау, 10 желтоқсан 22:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

«ЦОН» заңды білмей ме?

2 837 просмотра

6 қаңтарда «Арлан» ҮЕҰ жетекшісі Макс БОҚАЕВ қала әкімі М. Есмұратовтың атына 22 қаңтарда Атырауда Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты азалы митинг өткізуге жазбаша өтініш берді.

- Мен Исатай-Махамбет алаңынан болмаса Д. Нұрпейісова, Құрманғазы бульварынан немесе Жеңіс бағындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңынан орын беруді өтіндім, - дейді М. Боқаев. Одан өтінішті қабылдап алған Сәтбаев көшесінің бойындағы халыққа қызмет көрсету орталығындағылар (енді қала әкімінің атына жазылған өтінішті қабылдау тәртібі осындай) тек 24 қаңтарда ғана жауап бермек екен.

-  Орталық қызметкерлері митинг пен пикет туралы заңмен таныс емес екендіктерін айтты. Ал онда мұндай өтінішке жауапты митинг белгіленген уақытқа дейін 5 күннен кешіктірмей беру керектігі анық көрсетілген ғой, - деп таң қалады М. Боқаев. – Бірақ мен әкімдік заңды сақтайды деген үміттемін.

Сәния ТОЙКЕН

Фотосурет "АЖ" мұрағатынан алынды

11 қаңтар 2012, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.