Атырау, 23 қараша 19:37
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бомждарға арналған учаске

2 360 просмотра

Атырау орталығында мақсаты бойынша қолданылмай жатқан жер учаскелері анықталды.

Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі Жансая ИМАНҒАЗИЕВАНЫҢ айтуынша, жақсы жерде орналасқанына қарамастан бұл учаскелердің қаңырап тұрғанына бірнеше жыл болған. Ал ол аумақта қоқыстар жиналып, қылмыстар жасалуда.

Мәселен, орталық мешіттің артындағы Құлманов көшесінің бойындағы жер учаскесінде өткен жылы зорлықпен өлтірілген белгілері бар әйел адамның мүрдесі табылған. Осы жер учаскесінде көлік ұрланған. Қазір бұл жер тұрмыстық қалдықтармен толған. Прокуратура түсіндіргендей, ол 6 жылдан бері мақсаты бойынша қолданылмай келеді.

«Сары арқа» ықшамауданындағы жер учаскесінің пайдаланылмай келе жатқанына сегіз жыл болған. Айтпақшы, осы жерде өткен жылдың қазанында лаңкес өзін-өзі жарып жіберді. Ж. Иманғазиева түсіндіргендей, бұл спирттік ішімдіктер мен төбелестер орын алатын бомждар жиналатын жерге айналған.

Қала тұрғындарын «Ренессанс» қонақ үйінің маңындағы үш метрлік дуалмен қоршалған үлкен жер учаскесінің жабырқаңқы көрінісі жалықтырып үлгеріпті. Оны қаладан 49 жылға шетелдік компанияның жалға алғаны анықталды. Құжатқа сәйкес, осы жерде аялдама орны болуы тиіс екен.

- Соңғы жылдар ішінде қалалық прокуратураға осы жер учаскесімен көршілес үйлердің тұрғындарынан шара қолдану туралы шағымдар түскен. ҚР Жер Кодексіне сәйкес, егер участок екі жыл ішінде көзделген мақсатта қолданылмаса, онда ол мәжбүрлі түрде алынуға жатады. Пайдаланылмаған жер учаскелерін алып қою туралы мәселені шешу үшін прокуратура қалалық әкімдікке тиісті ұйғарым шығарды, - деп түйіндеді Ж. Иманғазиева.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген В. Истомин

11 қаңтар 2012, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.