Атырау, 23 қараша 19:01
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оңтүстік Қазақстанда депутаттыққа үміткерлер үгіт-насихатты өзбек тілінде жүргізген

2 731 просмотра

Үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын өзбек тілінде жүргізіп жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын өзбек тілінде жүргізіп жатыр.

Қазір облыстағы сайлау комиссиясы осы мәселеге орай арнайы тексеру тағайындады.

Сайлау комиссиясының төрағасы Берік Торғауытовтың айтуынша, үміткерлер орталық көшелердегі билбордтарға бағдарламаларын таза өзбек тілінде жазып қойыпты.

Кейбірі тіпті үй аралап таратып жүрген үгіт қағаздарын да өз тілдерінде басып шығарған. Сайлау туралы заң бойынша бағдарламалар мен үгіт парақшалары қазақ және орыс тілдерінде жазылсын деп көрсетілген.

Десек те мұндай заңбұзушылықтардың орын алуын сайлау комиссиясының басшылары үміткерлерден емес, жергілікті тұрғындардың арыз-шағымдарынан кейін біліп отыр. Сайрам ауданы бойынша № 15 сайлау округінің тұрғындары осындай парақшаларды сайлау комиссиясына әкеліп көрсеткен.

БЕРІК ТОРҒАУЫТОВ - ОҚО САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

"Бұл дұрыс емес. Өзбек тілі бізде мемлекеттік тілге жатпайды. Мынау шетелдіктердің бізге ықпал беруі сайлау жұмысына қарсы келеді. Насихат жұмысына қарсы. Шетел тілін пайдаланып олар өздеріне ықпал жасап отыр".

Қазір сайлау комиссиясы тарапынан арнайы тексерулер жүргізілуде. Егер үміткерлердің заңға қайшы әрекет жасағаны дәлелденсе, оларды сайлау додасынан алып тастау туралы шешім қабылданбақ.

Дереккөз: 7 арна

10 қаңтар 2012, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.