Атырау, 27 желтоқсан 05:10
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қазақстандықтар енді интернет арқылы жаңа туылған баланы тіркеу үшін өтініш бере алады

4 351 просмотра

АСТАНА, 10 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА.  «Электрондық үкімет» www.egov.kz порталында «Баланың туылғанын тіркеуге электрондық өтінім беру» туралы жаңа қызмет іске қосылды. Бұл жаңа туылған нәрестеге ЖСН және туу туралы куәлікті онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді, деп хабарланған порталда.

Егер  ата-ана баланың туылғанын  әдеттегідей АХАЖ бөлімі арқылы  тіркейтін болса, онда үш түрлі құжат: өтінім, дәрігерлік анықтама және  неке куәлігінің көшірмесін тапсырулары қажет. Ал, «электрондық үкімет» порталы арқылы бар болғаны ата-анасының ЖСН-ын енгізіп, онлайн-өтінімді  электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырса жеткілікті. Баланың туылғанын тіркеуге  өтінімді бала туылған күннен  бастап екі айдан кешіктірмей беру керек. Және ата-аналарының  некесі   2008 жылдың 1 маусымынан кейін тіркелген болуы керек. Себебі, мемлекеттік деректер қорында 2008 жылдың 1 маусымынан бастап тіркелген некелер туралы ақпарат жинақталған.

Қызметті алудың нәтижесі ретінде өтінім берушінің жеке кабинетіне («Қызметтерді алу тарихы» бөліміне)  PDF-форматында анықтама жіберіледі. Онда балаға ЖСН берілгені және туу туралы куәлікті алу үшін АХАЖ бөліміне келу уақыты көрсетілген ақпарат берледі. Ал, өтінім орындалмаған жағдайда, өтінім берушіге   мемлекеттік органнан нақты себептері көрсетілген  жауап беріледі. Бұдан өзге, АХАЖ  органдарының қызметін автоматтандыру аясында қазақстандықтар некені бұзу туралы өтінімді де портал арқылы бере алады (егер азаматтардың 18 жасқа толмаған ортақ балалары болмаса).

Дереккөз: "Қазақстан жаңалықтары АА."

10 қаңтар 2012, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.