Атырау, 23 қараша 19:13
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңаөзенде парламенттік сайлау қалада «Нұр Отанның» сәтсіздігінен құтылу үшін болдырылмады - оппозиция

2 411 просмотра

АЛМАТЫ, 9 қаң  - Қазақстан жаңалықтары АА. Жаңаөзенде төтенше жағдай режимін ұзарту мен мәжіліс сайлауын болдырмаудың негізгі себептерінің бірі билік партиясы «Нұр Отанды» қалада қолдамау туралы ақпаратты биліктің жасыруды қалауы болып табылады, деп санайды «Азат» ЖСДП оппозициялық партиясы көшбасшыларының бірі Болат Әбілов.  

Қазақстанның Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов 6 қаңтарда 16 желтоқсандағы тәртіпсіздіктерден кейін, ТЖ режимі енгізілген Жаңаөзен қаласында парламенттік сайлауға дауыс беру жүргізілмейді, деп хабарлады.

«Олар (билік), егер де азды-көпті адал сайлау өтсе, ал қазір меніңше, комиссияның көпшілік мүшелері  – Жаңаөзен мұғалімдері – бұрмалаудан бас тартады, онда «Нұр Отан» ол жерде, президенттің ол жаққа барғандығына қарамастан нөл алады», - деп мәлімдеді Әбілов Алматыда дүйсенбі күні өткен баспасөз конференциясында. 

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

9 қаңтар 2012, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.