Атырау, 5 қазан 15:34
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бас прокуратура сайлаудан шеттетілген «Руханияттың» құжаттарына тексеру тағайындауды сұрайды

2 179 просмотра

АСТАНА, 9 қаңтар - Қазақстан жаңалықтары АА. Бас прокуратура сот отырысы барысында ұсынылған «Руханият» партиясы құжаттарының бұрмалау фактісі бойынша соттан тексеру тағайындауды сұрайды, деп хабарлады агенттіктің тілшісі сот залынан.   

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі Сарыарқа аудандық соты жұмада «Руханият» партиясының парламенттік сайлауға қатысудан партияны шығарып тастаған Орталық сайлау комиссиясына қатысты талап арызын қарауға кірісті.  

«Руханият» істің сотта қаралып бітуіне дейін ОСК-ның «Руханияттың» партиялық тізімін жою және сайлау бюллетенінен  партия атауын шығарып тастау туралы қаулыны тоқтатуды, ОСК-ның шешімін заңсыз деп танып, оны жоюды сұрайды.   

«Руханият» партиясының талап-арызын толық көлемде қабылдамауды сұраймын. Сонымет қатар, осы киелі сот залында бола тұра, олар бұрмаланды деп атап отырған барлық фактілер бойынша жеке ұйғарым шығарып, құқық қорғау органдарына тергеу алды тексеруді тапсыруды сұраймын», - деді Бас прокуратураның өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков судьяға қарап екі жақтың жарыссөздері барысында дүйсенбіде. 

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

9 қаңтар 2012, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.