Атырау, 13 желтоқсан 23:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Серікжан Мәмбеталин аштық жариялады

3 215 просмотра

Сенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Руханият» партиясының төрағалығынан шеттетілген Серікжан Мәмбеталин аштық акциясын бастағанын жариялады.

Оның сөзіне қарағанда, «Руханият» партиясының негізін қалаған Алтыншаш Жағанова жұма күні кешке жақын партияның сьезін өткізіп, төрағалыққа қайта сайланған.

Мәмбеталиннің талаптарының бірі - Алтыншаш Жағанованың кеше кешкісін өткізген сьезін заңсыз деп табу.

«Билік пен Жағанованың бірлесіп жасаған кешегі заңсыз әрекеттері менің аштық жариялауыма себеп болды. Аштық бүгін басталды. Бүгінгі күні бізде билікпен күресетіндей заңды жолдар жоқ, сондықтан наразылығымды осылай көрсетейін деп едім. Жағанова оны биліктің тапсырмасымен істеп отыр және жасырып, кешкі 8-де жиын өткізді. Ол заңсыз сьезд. Мен өзім әлі төрағамын. Кешегі шешім заңсыз, оны мойындамайтын мен ғана емес, менің жақтаушыларым мен қолдаушыларым да мойындамайды»,- деді Азаттық радиосына Серікжан Мәмбеталин сенбі күні телефон арқылы.

Оның сөзіне қарағанда, аштық акциясы биліктің өз халқына бұлай істеуге болмайтынын түсінгенге дейін жалғасаа береді. 

Өткен жылдың желтоқсан айында «Руханият» партиясының бұрынғы жетекшісі Алтыншаш Жағанова партияның өзінен кейінгі басшысы Серікжан Мәмбеталинді қолдан құжаттар жасады деп айыптап, партияны парламент сайлауына қатысатындар тізімінен алып тастауды талап еткен болатын.

Кейіннен Орталық сайлау комиссиясы «Бас прокуратура Жағанованың шағымы бойынша тексергенде «Руханияттың» парламент сайлауына тіркелуде заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтады» деп, өз қаулысымен партияны сайлаудан шеттеткен болатын.

Жұма күні Астанада «Руханият» партиясының Орталық сайлау комиссиясының партияны парламент сайлауына қатысу құқынан айырған қаулысын жою туралы берген шағымы бойынша сот басталған еді.

Дереккөз: "Азаттық радиосы"

7 қаңтар 2012, 23:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.