Атырау, 11 желтоқсан 12:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Серікжан Мәмбеталинді "Руханияттан" шығарып тастады

3 217 просмотра

Астанада жұма күні «Руханият» партиясының кезектен тыс съезі өтіп, онда «Руханият» партиясының төрайымы болып қайтадан Алтыншаш Жағанова сайланды. Бұл туралы бүгін партияның Республикалық комитетінен хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 2012 жылғы 6 қаңтарда Астанада «Руханият» партиясының кезектен тыс съезі болып өтті. 

Оның жұмысына партияның облыстық, қалалық филиалдары мен өкілдіктерінен делегаттар қатысты. Съезде «Руханият» партиясының жаңа басшысын сайлау, партияның басшылық органдарының жаңартылған құрамын жасақтау сияқты мәселелер қаралды.

 Съезд жұмысын ашқан «Руханият» партиясының негізін қалаушы Алтыншаш Жағанова бұл форумның саяси ұйым үшін күрделі кезеңде өтіп отырғанын атап көрсетті. Бұған дейін белгілі болғанындай, «Саяси партиялар туралы» Заңда және партияның жарғысында белгіленген партиялық тізімді анықтау және тіркеу жөніндегі ереженің бұзылуы, съезді шақыру және өткізу ережесінің сақталмауы, басқа да біршама заң бұзушылықтардың орын алуына орай, Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылғы 28 желтоқсанда «Руханияттың» партиялық тізімін тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдады.

А.Жағанова өз сөзінде бұл жағымсыз жағдай С.Мәмбеталин мен оның жақтастары жасаған әрекеттердің салдарынан орын алғанын айтты. Оның үстіне, С.Мәмбеталиннің жұмыс істеу тәсіліне «руханияттықтардың» көңілі толмайды, өйткені, ол жеке басын жарнамалаумен айналысып, партияның басшылық органдары мен қатардағы мүшелерінің пікірлеріне құлақ аспайды және аталған саяси ұйымның жарғылық талаптарына қырын қарап, барлық мәселелер бойынша шешімдерді жеке дара қабылдайды.

«Руханияттың» негізін қалаушы А.Жағанованың айтуынша, қалыптасқан жағдай оның серіктестері мен пікірлестеріне және бүкіл партияға көлеңкесін түсірді. Осыған байланысты, съезге қатысушылардың дауыс беруі арқылы С.Мәмбеталинді лауазымынан босату және оны аталған партияның қатарынан шығару жөнінде шешім қабылданды.

Съезд қорытындысы бойынша «Руханият» партиясының төрайымы болып Алтыншаш Жағанова қайта сайланды. Съезге қатысушылар сөйлеген сөздерінде, А.Жағанова партияның бастауында тұрғанын және ол бүгінде сенімді түрде уақыт тынысын тап баса отырып, партияның өңірлердегі қатардағы мүшелерімен тығыз қарым-қатынасын жалғастыруда. А.Жағанова нақ өзі партияның жаңаша түлеуін және оның негізгі саяси бағытының сабақтастығын қамтамасыз ете алады.

Сонымен бірге, съезде партияның басшылық органдарының – Республикалық комитет пен Республикалық комитеттің Саяси атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы бекітілді.

1995 жылы құрылып, 2003 жылы қайта тіркеуден өткен «Руханият» партиясы Қазақстандағы көптен бері келе жатқан саяси ұйымдардың бірі болып саналады. Оны құрудағы идеялық негіз Қазақстан халқының рухани-адамгершілік дәстүрлерін жаңғырту, бейбітшілік пен татулықты сақтау жөніндегі міндеттерді іске асыру болып табылады.

«Руханияттың» өңірлерде құрылымдық желісі бар. Партияның қатарын 80 мыңдай азамат құрап отыр. Білім, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениет саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер мен оралмандар, студенттер және басқа да әлеуметтік топтардың өкілдері бірлестіктің әлеуметтік тірегі болып табылады.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/66015/

7 қаңтар 2012, 22:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.