Жаңаөзенде облыстық және қалалық мәслихат депутаттарын сайлау төтенше жағдай режимін алып тастаған соң өтеді. ОСК осы туралы тиісті қаулы қабылдады.
«ОСК қаулы етеді: Маңғыстау облысындағы Жаңаөзенде төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты қаңтардың 15-не тағайындалған парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауы мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу Жаңаөзенде болмайды. Ондағы сайлау төтенше жағдай режимін алып тастаған соң өтеді», - деді ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос жұма күні комиссия отырысында.
Одан басқа, ОСК қаулысымен Маңғыстау облысындағы тиісті сайлау комиссиясының жұмысы тоқтатылды.
Аталған қаулы БАҚ беттерінде жарияланып, Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына жіберілетін болады. Олар бұл қаулыны сайлаушылар назарына жеткізеді.