Атырау, 25 сәуір 09:22
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ұялы байланыстан басқасы қымбаттайды

1 960 просмотра

2012 жылы қаржы саласынан қандай өзгерістерді күткен жөн?

Экономика сарапшысы Талғат ҚАДЫРҒАЗИЕВ дәстүрлі түрде жорамал жасайды.

Еуропа елдеріндегі борыштылық дағдарысы салдарынан еуро курсы төмендейтін сыңайлы. Мұнда доллардың еуроға қатысты бағамы 1,2:1 құрауы мүмкін. Сонда жыл ішінде Қазақстанда американдық валюта – бір доллар үшін 152-ден 158 теңгеге дейінгі мөлшерде біртіндеп өсуі мүмкін. Келесі жылдың бірінші жарты жылдығында қысқа мерзімде мұнай бағасының баррелі 85-90 долларға дейін төмендейді, содан кейін біртіндеп қазіргі деңгейге жетеді деп күтіліп отыр.

Халықтың номиналдық кірісі артады. Ресейдің, Белоруссия мен Қазақстанның Кедендік одағы ішіндегі тауар айналымы өсетін болады. Олардың арасында әлдебір жаңа бірыңғай есеп-айырысу валютасы болмайды. Тұтынушылық несиелер пайызы төмендемейді. Бұған жағдай жоқ, біздің банктер қолма-қол ақшаның тапшылығын бастан өткеруде, ал халықаралық қаржылық нарық оларға қолжетімді емес.

Азық-түлік бағаларының өсуі инфляция деңгейімен салыстырмалы түрде жылына 8-10 пайыздай болады. Негізгі азық-түлік – нан, ұн және қант бағалары аз-мұз қымбаттайды. Бәрінен де табиғи және экологиялық өнімдердің бағалары қымбатсиды. Бензин мен көлік қызметтерінің бағалары өседі. Бұл Кедендік одақтағы бағалардың теңестірілуі салдарынан орын алады. Нәтижесінде бағалары отынға байланысты болатын азық-түліктер мен қызметтер бағасы өседі.

Кең тұтынатын тауарлар, әсіресе, цифрлық техника бағасы қазіргі деңгейде қалады. Бұған Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі ықпал етті. Ұялы байланыс қызметі арзандай бастайды. Баспана мен жылжымайтын мүлік бағасы әжептәуір өседі. Аймағымызда облыстық бюджет есебінен несиелік және коммуналдық баспана салу баспана бағасының өсуін ұстап тұратын фактор боп қала береді.

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қаңтар 2012, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.