Атырау, 7 мамыр 18:43
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​«Құлсарылық атқыш» туралы іс: Түрмедегі хаттар

3 463 просмотра

Image 0

1 шілдеде облыстық сотта «құлсарылық атқыштың» қылмыстық ісі бойынша апелляциялық процестің екінші отырысы өтті.

Адам өлтіргені үшін 16 жылға сотталған Нұргелді БАТЫРХАНОВ өз адвокатының апелляциялық талабын қолдап, өз кінәсін толықтай жоққа шығарды. Осы іс бойынша басқа сотталушы Жақсығали СЫДЫҚОВ төбелес кезінде қарудан ауаға оқ атқанын мәлімдеді.

Батырхановтың адвокаты Нұрлан ЖОЛБОЛОВ күтпеген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, жақында оның қорғалушысы тергеу изоляторы ауласындағы күн сайынғы 30 минуттық серуен кезінде Сыдықовтың камерасы есігінің саңылауы арқылы хат берген. Онда бұрынғы досын кісі өлтірген кінәсін өзіне аударып жібергендігі үшін жазғырған. Келесі күні Садықов Батырхановқа жауап хатты осылайша жолдаған. Онда кешірім сұрап, достары оған қарсы жауап бергендіктен осындай іске барғанын, өзі туралы ойлауды ұйғарғанын түсіндірген. Хат авторы Батырхановқа апелляциялық процесте беретін жауаптарды алдын ала келісуді ұсынған: «Егер сот үкімді өзгеріссіз қалдырса, уайымдама, бостандыққа шыққан соң, сені шығарып аламын. Әзір жібермесе, колонияда саған барып тұрамын. Бізді ұстап берген жігітке қарсы жауап беру керек, қиналсын. Не ойлайсың, жауабын жаз», делініпті жауап хатта.

Сот алқасының төрағасы Тәтті УӘЛИЕВА екі сотталушыға: «хатты танисыңдар ма?» деп сұрақ қойды. Батырханов оны Садықовтан алғанын айтты. Ал ол ешқандай хат жазбағанын мәлімдеді.

Жолболов пен Батырхановтың анасы Шолпан ДОСКЕЕВА сот алдында хатқа жазу тану сараптамасын жүргізу туралы өтініш білдірді. Сыдықовты қорғаушы Тілек ХАМИТОВ пен іс жүргізуші прокурор қарсы болды. Алайда сот алқасы бұл өтінішті қолдады.

Бұдан басқа, сот өз бастамасымен: алдын ала тергеу кезеңінде сот-баллистикалық сараптама тек Батырхановтың қаруына ғана жасалғандықтан, төбелес кезінде оның үш досының, соның ішінде Садықовтың қолында болған қаруларға қаза болған Темірбаевтың денесінен алынған 8 бытыраның сәйкестігіне қатысты сараптама жасауға қаулы етті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 шілде 2016, 02:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.