Атырау, 28 қараша 13:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Құлсарылық атқыш» туралы іс: Адвокат тергеушіні істі бұрмалады деп айыптайды

Сурет
6 069 просмотра

Атыраулық адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВ әлеуметтік желілер арқылы облыстық соттың төрағасы Марғұлан БЕКТҰРҒАНОВ пен облыс прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВҚА, сонымен қатар жұртшылық назарын облыстық сотта «құлсарылық атқыштың» қылмыстық ісі бойынша Құлсарылық «атқыш»») басталған апелляциялық процеске аудару мақсатында бейнежолдаумен жүгінді.

АДВОКАТ ЖОЛБОЛОВ АЙЫПТАЙДЫ

Естеріңізге салсақ, мамырда Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткен жылдың 28 тамызында Құлсары қаласында орын алған атысқа ұласқан жаппай төбелес туралы іс бойынша үкім шығарған еді.

Жанжал Достық ықшамауданында футбол ойынынан кейін басталған: бірнеше жігіт сөзге келіп қалып, содан соң «мәселені шешу» үшін 2-ші және 3-ші ықшамаудандар арасындағы көпір түбінде кездеспек болып келіседі.

Айыптау қорытындысында: «Құлсары қаласының тұрғыны Батырханов бірнеше рет оқ атады. Қарсыластарының бірі ауыр жарақаттан есін жимастан аудандық ауруханада көз жұмды және тағы біреуі ауыр жараланған. Төбелесті сол жерге жеткен полиция тоқтатқан» делінген.

Сот үкімімен Батырханов 287-баптың 2-тармағында («Атыс қаруын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»), 99-баптың 2-тармағының 6, 9–тармақшаларында («Бұзақылық ниетпен басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен адам өлтіру») қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Екінші сотталушы Сыдықов ҚР ҚК-нің 434-бабында («Қылмыс туралы хабарламау») қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі колонияда 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен сотталды.

Н.Жолболовтың пікірінше, оның қорғалушысы Батырханов кінәлі емес, өйткені адамдарды екінші сотталушы Сыдықов атқан. Ол прокурор мен судьяның істерін қадағалап отырған тергеушілердің заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде кісі өлтіріп және кісі өлтіруге оқталғаны үшін жауапкершіліктен құтылып кеткен. Ал ақыр аяғында жауапкершілік кінәсіз жанға жүктелген.

Өзінің бейнежазбасында адвокат облыстық сот пен облыс прокурорын апелляциялық процеске қатысуға шақырып, оның пікірінше, құқыққорғау органдары қызметкерлерінің дәлелдерді бұрмалау арқылы жасап отырған қылмыстарына көз жеткізуді сұрайды.

«Мен бұл үкімді заңсыз ғана емес, қылмысты үкім деп есептеймін және ерте ме, кеш пе, үкімнің күші жойылатынына сенімдімін. Мен тергеу жүргізген Жылыой АІІБ тергеушісі А.АСЫЛБЕКОВТІҢ қылмыстық істен екі мойындау жауабын алып тастағанын растаймын. Ол жауапта Сыдықов қалай, кімге, қанша мәрте атқанын, оның салдары қандай болғанын көрсеткен. Істен осы екі мойындау жауабы мен жауап алу хаттамасы ғайып болды. Олардың орнына басқа мойындау жауабы мен басқа хаттама тіркелген, - деп мәлімдейді адвокат бейнежазбада.

Жолболовтың айтуынша, қорғау құзырында бұрын Жылыой аудандық сотына айыпталушыларды қамауға алуға санкция беру үшін жіберілген, әр парағында оның түпнұсқа екенін растайтын Асылбековтің өз қолы мен Жылыой АІІБ мөрі басылған «бастапқы» қылмыстық істің көшірмесі бар екен. Онда оқ атқан өзі екендігі туралы Сыдықовтың мойындау жауабы бар.

«Мен ҰҚКД-не, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына тергеуші А.Асылбековті жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен әлденеше рет жүгіндім. Алайда сіздің қарамағыңыздағы қызметкерлер осы материалдарды алып тастап, арнайы прокурорлар басқармасына берген. Ол жерде іс бар болғаны бес күн тергеліп, сәтті тоқтатылды. Ал осы қылмыстық істің болуы менің қорғалушымның кінәсіздігін анықтауда тікелей әсерін тигізді, - дейді адвокат облыс прокурорына жүгініп.

БАЙЛАНЫС БОЛДЫ МА?

14 маусымда облыстық сотта адвокат Нұрлан Жолболовтың апелляциялық шағымын қарау жөніндегі алғашқы алқа отырысы өтті. Ол процесс басталарда қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Тәтті УӘЛИЕВАНЫҢ іс жүргізуіне қарсы екендігі туралы мәлімдеме жасады. Өйткені, оның айтуынша, Батырхановтың туыстары судья Ташимовтың мамырдағы үкім жарияланар алдында облыстық сот ғимаратына қолына қылмыстық істі ұстап кіргенін көріп, фотосуретке түсіріп алған (қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот қаланың екінші басында орналасқан).

Төрағалық етуші судья Ташимовпен ешқандай байланысы болмағанын айтты. Осыдан кейін алқа құрамындағы басқа екі судья Раиса АҚҚҰЛОВА мен Сандуғаш СҮЛЕЙМЕНОВА кеңесу бөлмесіне шығып кетіп, біраз уақыттан кейін Жолболовтың өтінішін қабылдамау туралы шешімдерін айтты.

Алғашқы алқа отырысынан кейін біз сотталушы Сыдықовтың адвокаты Тілек ХАМИТОВТАН:

- Әріптесіңіздің қылмыстық іс материалдарында бұрмалаушылықтар орын алғаны жөніндегі мәлмдемесіне қатысты не ойлайсыз? Өйткені бұл сіздің қорғалушыңызға тікелей қатысты ғой, - деп сұрадық.

- Иә, бұл менің қорғалушымның мүддесіне қатысты. Сондықтан басқа адвокаттың өтінішіне комментарий бере алмаймын. Материалдар мен дәлелдерді зерттеу нәтижелері бойынша бірінші инстанция соты өз шешімін шығарды. Апелляциялық алқа судьялары өз бағасын береді.

Біз Н.Жолболовқа бірнеше сұрақ қойдық:

- Сіз судья Ташимов шығарған үкімді неліктен сіз «қылмысты» деп атадыңыз?

- Ал кінәсіз жанды соттау – сіздіңше қылмыс емес пе? Оның үстіне, судья біз ұсынған дәлелдер бойынша, соның ішінде Садықов өз еркімен қалай, қайда, қалайша және кімді атқанын көрсетіп, түсіндірген бейнематериалдардан Батырхановтың емес, Сыдықовтың атқанын тамаша көрді.

- Сіздің пікіріңізше, үкім қандай болуға тиіс?

- Батырхановты ақтап, ал Сыдықовқа қатысты әрі қарай тергеу жүргізу қажеттігі туралы прокурордың қаперіне жеткізу.

- Сіздің пікіріңізше, іс бұрмаланғандықтан ақталу керек дейсіз бе?

- Ол да бар. Бірақ бұрмалау фактісі бойынша тергеуші А.Асылбековке қатысты жеке қылмыстық іс тергелуге тиіс.

- Кісі өлтіруге және кісі өлтіруге оқталуға сотталушының екеуінің де қатысы бар деген мәселені қарастырмайсыз ба? Өйткені зардап шегуші де екеу ғой.

- Мүлдем. Өйткені, баллистикалық сараптама қорытындысы мен сарапшы А.КОТОВТЫҢ түсіндірмесі бойынша дене жарақаты бір уақытта алынған. Басқаша сөзбен айтқанда, екі жігіт те бір атқанда зардап шеккен.

- Сотта тергеуші Асылбековтен жауап алынды ма, егер алынған болса, ол не деді?

- Ол нақты қойылған сұрақтарға ешқандай жарытымды жауап бермеді. Жауап бере де алмайтын еді, өйткені бүкіл дәлелдер оған қарсы.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 маусым 2016, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.