Атырау, 2 қараша 19:44
 бұлттыВ Атырау +11
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

Қызылордада лаңкестің көзі жойылды

2 771 просмотра

Бүгін құқық қорғау органдары еліміздің Ұлттық қауіпсіздік  қызметі «Арыстан» арнайы бөлімшесін тарту арқылы Ағжан Хасен бастаған лаңкестік топтың жетекшілердің бірі 1971 жылы дүниеге келген Ерік Аязбаевты ұстау операциясын жүргізді, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қылмысты қудалаудан бой тасалаған Е.Аязбаев жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда қаласының Амангелді көшесі бойындағы 3 үйдің 80 пәтерінде тұратындығы анықталды. Құқық қорғау органдарының берілу туралы ұсынысынан бас тартқан ол Макаров тапаншасынан оқ атқан. Құқық қорғаушылардың қарсы атқан оғынан лаңкес қаза тапты.

Бейбіт халық пен құқық қорғау органдарының арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде. Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ, сондықтан алаңдаушылық еш негізсіз.

Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсанында Алматы облысы Іле ауданының Боралдай кентінде 2011 жылдың 8 қарашасында екі полиция қызметкерін өлтіріп, Алматы қаласында жаңа зорлық-зомбылық әрекеттерін іске асыруды жоспарлаған лаңкестік топтың қызметіне тосқауыл қойылған болатын.  Арнайы операция барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметі арнайы бөлімшесінің екі қызметкері қаза тауып, Ағжан Хасен бастаған лаңкестік топтың бес мүшесі жойылған еді.

http://www.inform.kz/kaz/article/2429902

29 желтоқсан 2011, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.