Атырау, 25 желтоқсан 17:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Жаңа жылдық шартылдақтардан сақ болыңыз!

4 468 просмотра

Мереке қарсаңында ТЖ департаменті қала базарларын бақылауға алуға кірісті. Пиротехникалық құралдар мен отшашуларды лицензиясыз сатуға қатаң тыйым салынды.

Жаңа жыл мерекесін балалар да, үлкендер де жақсы көреді, сыйлықтарын күтеді. Алайда, ересектер жағы мереке керемет болып, әлдебір ғажайыптар болуы үшін оған дайындалу керек екендігін жақсы біледі.  Ұқыпсыздық пен бейқамдық қуанышты сәтті қайғылы етуі де мүмкін. «Қоғамдық мерекелік шараларда, әсіресе, балалар ертеңгіліктерінде өрттің шығуына себеп тудыратын май шамдарды, ашық оттарды, отшашулар мен басқа да жарық сәулелері бар құралдарды қолдануға болмайды. Шыршаны целлулоидты ойыншықтармен, сондай-ақ, оттан қорғаушы ертінді сіңірілмеген дәке және мақтамен безендіруге болмайды. Ертеңгіліктер және спектакльдер өтіп жатқан кезде залдың жарығын түгелімен өшіріп тастаудың да қажеті жоқ», -дейді облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Самал ӘБИРОВА.

Тыйым салынғанына қарамастан пиротехниканы сатушылар  тұтынушыларға өз тауарларын ұсынады. Әсіресе, балалар түрлі шартылдақтарды жақсы көреді. Және түрлі-түсті қораптағы «жарылғыш ойыншықтар», шартылдақтар, петарда және шағын салюттардан бас тарта алмайды. Олардың барлығындағы нұсқамалар қытай немесе ағылшын тілдерінде жазылған. Жаңа жылдық «тосын сыйларды» қолданудың ақыры кейде аурухананың күйік бөлімшелеріндегі сырқатнамаға жазылып та жатады: құлақ жарғағының жарылуы, көзді зақымдау, бет терілерінің күйікке шалынуы.  «Пиротехникалық бұйымдарды дүкендерден тек тиісті сертификаттары мен орыс тілінде жазылған нұсқаулығы болған жағдайда ғана сатып алуға болады,- дейді С.Әбирова. – Сатып алынған пиротехниканы тек көшеде, ашық алаңдарда, үйден және адамдар жиналған жерлерден қашықта қолдану керек».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 желтоқсан 2011, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.