Атырау, 10 желтоқсан 00:31
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Теңіз кенішінде тағы да өрт шықты

6 007 просмотра

25 желтоқсанда Теңіз кенішінде тағы да өрт орын алды. Бұл жолы трансформатор стансасы жанып кетті.

Өрт қуаттылығы 35/10кВ сыныпты №3 трансформатордың кабельді каналынан шыққан.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Болатбек ОМАРОВТЫҢайтуынша, Теңіз газ өңдеу зауытының орталық тарату қондырғысының трансформаторлық стансасындағы өрттің шығуы туралы хабар оларға 20.30-да түскен. Оның айтуынша, өрт салдарынан КТЛ-1 және КТЛ-2 (кешенді-технологиялық желілер) толығымен бүлінген. Өрт ТШО апатты-құтқару қызметінің күшімен сөндірілген. ТЖ департаменті жапа шеккендер жоқ, деп хабарлайды.

ТШО баспасөз қызметі өрт туралы ештеңе естімеген болып шықты. Бұл Теңіз кенішінде соңғы екі аптадан кейінгі орын алып отырған екінші оқиға. Оның біріншісі 8 желтоқсанда мұнай дайындайтын зауыттардың бірінің кешенді-технологиялық желісінде (КТЛ-1) болған еді. Сол кезде де желі толығымен жұмыс істеуді тоқтатқан болатын. Алғашқы өрттің орын алғанына 20 күн өтсе де оның шығу себебі әлі күнге анықтала қойған жоқ.

Дүйсенбі күні кешке ТШО баспасөз қызметі бізге мынадай ақпаратты жолдады. «25 желтоқсан, жексенбі күні кешке мұнай дайындайтын зауыттардың бірінің кешенді-технологиялық желісінде (КТЛ-1) өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ, өрт бірден сөндірілді. Өрт шыққан участок жабылды  Оның жұмысы пайдалануға қауіпсіз деп танылғаннан кейін ғана жүргізілетін болады. «Теңізшевройл» өрттің шығу себебіне тергеу жүргізеді және осы жағдайға қатысты тиісті органдармен бірлесе жұмыс істейді».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды

29 желтоқсан 2011, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.