Атырау, 11 желтоқсан 18:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Мұғалім ешкімді ұрмағанын дәлелдеді

2 621 просмотра

Атырау облыстық соты Гагарин атындағы №4 мектептің бұрынғы оқу ісінің меңгерушісі Мира ГАЗИЗУЛЛИНАНЫҢ кінәсін жоққа шығарды.

Естеріңізде болса, аталмыш мектептің бастауыш сыныптарының мұғалімі Нұрсұлу Тастурова оқу ісінің меңгерушісі Мира Газизуллинаның үстінен сынып сағаттарының әділ бөлінбей отырғандығына шағымданған болатын. Және, өзіне тиесілі сағаттарын бөлуін талап еткен кезде оқу ісінің меңгерушісі кабинет есігін тарс жауып, денесіне жарақат келтіргендігі жөнінде учаскелік полиция инспекторына талап-арыз жазады. Кейін бұл іс материалдары судья Асхат Саудабаевтың төрағалығымен Атырау қалалық әкімшілік сотында қаралады. Соттың қаулысымен осы талап-арыз негізінде оқу ісінің меңгерушісінің әрекеті соққы деп танылып, 20 АЕК (30 240 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға міндеттелді («Меңгеруші есікті тарс жауып, кетіп қалды», «Жайық самалы», 16 қараша).

Алайда, М.Газизуллина әкім-шілік соттың қаулысымен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым жазады. Атырау облыстық сотының судьясы Сандуғаш Сүлейменова М.Газизуллинаның кінәсін дәлелдейтін негіздемелердің болмағандығынан сот қаулысының күшін жойып, ҚР ӘҚБтК-нің 79-1-бабы («Ұрып-соғу») бойынша қаралған құқық бұзушылық туралы істі қысқартуды ұйғарды.

- Сот барысында анықталғандай, талапкердің дене жарақаты туралы медициналық анықтама қолдан жасалған болып шықты. Мен бұл істі мұғалімнің абыройына кір келтірген және осындай әділетсіздікке жол бергендердің ар-ұятына тапсырамын, - деді М.Газизуллина.

Айнұр САПАРОВА

29 желтоқсан 2011, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.