Атырау, 25 желтоқсан 18:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Нұржан жасарып кеткен және әлі де жасарғысы келеді

10 974 просмотра

28 желтоқсанда таңертең кешенді косметикалық операциядан кейін Нұржан ӨРКЕШБАЕВ (суретте) Алматыдан Атырауға ұшып келді.

Прогерияға – терінің ерте қартаю ауруына шалдыққан мұқырлық 20 жастағы бозбалаға желтоқсан айының басында алматылық «Ниссамед» емханасында операция жасалған болатын.

Соның алдында емхананың бас директоры Гауһар ЖАНСЕЙІТОВАМЕН сөйлескен едік. Оның айтуынша, емнің алғашқы екі кезеңі сәтті өткен. Көктемде Нұржанды емханадағылар үшінші кезеңдегі емін алу үшін күтеді екен:

- Әзірге контурлық пластика (гиалурон қышқылы мен басқа швейцариялық препараттарды егу арқылы әжімдерді жою) немесе лазерлік хирургия (әжімдерді тегістеу) бола ма, ол жағын білмейміз. Бұл барлық ісіктер басылып, тігістер таралғаннан кейін анық болады. Қазір қабағында операциядан кейінгі ісіктер қалған.

- Операциядан кейінгі кезеңде Нұржан қандай ережелерді сақтауы тиіс?

- Ол тікелей күн сәулесінен, салқын тиюден қорғануы керек. Операциядан кейін 20 күндей күніне екі рет тіккен жерді біздің тағайындаған дәрілерімізбен өңдеуі керек. Бұл тыртықтың азаюына себін тигізеді. Нұржан – өзгеше пациент. Ол келген бойда патологиялық өзгерістерді, атап айтқанда, қатерлі ісік жасушаларының бар-жоғын анықтау үшін терінің үлгісін алып, гистологиялық талдау жасадық. Прогерияға шалдыққан науқастарда мұндай жиі кездеседі. Нұржанның терісінде ешқандай кері процесс болып жатпағаны үміт беріп отыр. Біз сондай-ақ, Ресейде прогерияға шалдыққан науқастарға операция жасаған дәрігерлермен хабарластық. Бірақ ол жақтағы жағдай өзгешелеу болатын: еттің жандану процесі қиын өткен, терінің қатқылданып тыртықталып келе жатқаны байқалған. Бағына қарай, Нұржанның жағдайы басқаша болды. Жалпы бұл жігіттің ағзасы қанағаттанарлық күйде.

Әуежайда Нұржан мен әкесін ағайы мен тәтесі күтіп алды. Туысқандары бауырларын көздеріне жас алып қарап шығып: «Өзіңе не істегенсің?» - деді таң қалып. Өйткені бұрынғыға қарағанда жігіттің жасарып кеткені байқалып тұрған еді. Нұржанның өзі қатты риза екенін айтады:

- Өзімді айнадан көрген кезде құлап қала жаздадым. Ешқандай да көңілім түскен жоқ. Сәуір айында тағы да барамын. Болашағымды әлі жоспарлаған жоқпын, бұған дейін тек операциямен ғана өмір сүрдім. «Прогерия» деген диагнозды растады, бірақ процесстің тоқтағанын айтты. Операциядан кейін күн мен суықтан басқа, ыстық су мен буды пайдаланбауға кеңес берді. «Қайнармұнайгаз» басшылығы мен ұжымына, «Ниссамед» емханасының ұжымына және Ерлан Күмісқалиевқа қол ұшын бергендері үшін алғысымды білдіргім келеді. Кетсем бола ма? Құрбым агроколледжге сабаққа кетіп қалмас бұрын жетейін. Бәріңізді Жаңа жылмен құттықтаймын!

Ал Жаңбырбай қаңтар айының басында ұлына арналған пәтер мәселесін шешу үшін облыстық билік өкілдерімен кездескісі келетінін айтты.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суреттерді түсірген В. Истомин

29 желтоқсан 2011, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.