Атырау, 11 желтоқсан 11:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Ауданға мүрдехана керек

2 232 просмотра

Мақат ауданындағы ескірген мүрдехана ғимараты бұдан оншақты жыл бұрын апатты жағдайда жарамсыз болып қалған еді. Содан бері 140 шақырымдағы Атырау қаласына  сабылу жергілікті тұрғындарға оңай тимей отырған жайы бар.

Жуырда Мақатта мынадай жағдай орын алды. Жолдасының үйіне келген бір жігіт ауырып тұрғанын айтып, шамалы демалып алмақ болады. Басы жастыққа тиген мезетте -ақ, ол қорылдап ала жөнеледі. Қатты қорыққан үй иесі жедел жәрдемге және полицияға хабарлайды. Олар келгенде жігіт жан тапсырған еді. Бұл аяқасты өлімнің себебін тексеру мақсатымен мүрдені Сот - медициналық сараптама орталығының Атыраудағы филиалына жеткізу қажет болды. Полиция табанынан таусылып, денені Атырауға жеткізу үшін шарқ ұрып, көлік іздеуге кірісті. Осындай қиындықпен мүрде Атырауға жеткізілді. Полиция міндетін атқарды, енді қайтқан ұлын кері алып қайту жалғызбасты анаға оңайға түспеді.

- Осындай жайттар ауылда жиі болып тұрады. Кейде адам өлтіру оқиғасы болса, бірде науқастар ауруханада қайтыс болады, жол апатына ұшырайды. Сондайда медициналық сараптама жүргізу үшін мүрдеханаға апару қажет екені белгілі. Ең дұрысы, ауданға мүрдехана салынуы қажет, - дейді Мақат ауданы ІІБ бастығының орынбасары Талап УРИШАНОВ.

Биыл Мақатта жаңа емхана салынып, пайдалануға берілді, бірақ мүрдехана жайы ескерілмеген. Аудандық аурухананың бас дәрігері Батырбек ОҢДАСЫНОВТЫҢ мәлімдеуінше, аталмыш сот-медициналық сараптама ғимаратын салуға облысқа сұраныс берілген, бірақ қаржы тапшылығынан бұл кейінге ысырылып келеді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 желтоқсан 2011, 22:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.