Атырау, 25 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Мақат - морждар мекені ме?

3 168 просмотра

Мақаттағы 3 жылу қазандығының соңғысы былтыр жабылып қалды. Жергілікті билік халықпен санаспастан,  қарызға батқан жылу қазанын жауып тастауды ұйғарған еді.

«КОНВЕКТОР ҚАУІП БОЛДЫ»

Жылу маусымы басталар тұста, жергілікті биліктің ұсынысымен «Аджип» компаниясы 46 пәтерге демеушілікпен конвектор қондырып берген болатын.

- Бірнеше айдан бері конвектордан көрген азабымды айтып, әкімдіктің табалдырығын тоздырдым. Себебі, конвектордан шыққан газ иісі үйді алып кетіп отыр. Газшылар бізбен келісім - шартқа отырған жоқсыңдар, біз қарамаймыз, - дейді. Менің төрт балам бар. Тіпті, екі жастағы қызым таңертең ұйқыдан тұрғанда басым ауырады деп оянады. Конвекторды қоспайын десең үй қақап кетеді, оның өзі бір бөлмені жылытады, қалған екі бөлмені жауып қойып отырмыз. Осындай күйзелістен өзім ауруханадан бір шықтым, - дейді мақаттық тұрғын Бақытгүл ҚАЙЫРОВА (суретте). Осындай конвекторға да қол жеткізе алмай отырған, жағдайы төмен отбасылар да бар. Айталық, Теміржолшы көшесіндегі 80\4 үйдегі Айсұлу БАЯРОВА, өзі де, күйеуі де мүгедек Майра ЖАНБОЛАТОВАЛАР конвекторға қол жеткізуді армандайды. Қақаған қыста газ плитасын жағып, жылытқыш пеш қосып, амалдап отыр.

 

«ДҰРЫСЫ - ДЕРБЕС ЖЫЛУ ҚАЗАНЫ» ДЕЙДІ БИЛІК

Қолдағы мәлімет бойынша, демеушілікпен 200-ге жуық үй дербес қазандықпен қамтылған. Ал аудан бойынша, көпқабатты пәтер саны 2000-нан асып жығылады. Жылу қазандығынан күдер үзгендер дербес жылу қазандығын өздері қондырып алған. Заңсыз. «Облтрансгаз» АҚ-ның Мақаттағы бөлімше бастығы Уалихан ЖҮГІНБАЕВ заңсыз дербес қазанын орнатып алушылармен келісім - шартқа отырудан бас тартып отырғанын жеткізді

- Егер ТЖ мен өрт бөлімшесінен рұқсаттарын алса, онда біз келісімге келер едік. Қазір тұрғындардың қолында ондай рұқсаты болмағандықтан, дербес қазандарға жауап бермейміз, - дейді Жүгінбаев.

Ал, аудандық ТЖ бастығы Қанат КЕНЕСАРИЕВ дербес қазанға рұқсат жоғын айтты.

 

БӘРІ ДЕ ЗАҢДЫ БОЛСЫН

- Тұрғындар заңсыз орнатып алған дербес қазандықтарын рәсімдемесе, кесілетіні жөнінде жергілікті газетке хабарлама берудеміз, - дейді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Жарылқасын ИСМАГУЛОВ.

Әрине, қыста жылусыз қалдыру ойымызда жоқ. Көктемнен бастап рәсімдемегендерін кесу жұмыстары жүреді. Сондықтан, қазірден құлақтандырудамыз. Мәселен, Ресейде 12 қабатқа дейін дербес жылу қазандығы орнатылған. Тек соның жолын табуымыз қажет. Орталық жылу қазандығының халық үшін пайдасы жоқтығына көз жетті. Ал жертөлелерді жақсылап жан жағын бітесек, канализация қатпайды. Және айтарым, дербес қазандық орната алмайтындарға демеушілікпен көмектесу жалғасады, - дейді Ж.Исмагулов.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор     

28 желтоқсан 2011, 21:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.