Атырау, 25 желтоқсан 18:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Атыраулық үлескерлер президентке сенбейді

2 700 просмотра

Қазақстанда алданған үлескерлерге пәтерлерін қайтарып беру процедурасы толықтай аяқталды, - деп мәлімдеді жуырда елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Ол сондай-ақ, Қазақстанның құрылыс салушылардың қателіктері үшін жауапкершілікті өз мойнына алған дүние жүзіндегі жалғыз ел екенін атап өтті. Шамасы, президент астананы айтып отырса керек. Өйткені атыраулық үлескерлердің проблемаларын шешуге ешкім асығар емес.

Осы айда бұрын «Бонита Инжиниринг» ЖШС орта жолда қалдырып кеткен «Самал-Атырау» (теміржол вокзалына қарсы) тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуы тиіс. Бейшара болған атыраулық үлескерлердің дауға түскен үйін бүгінде жергілікті «Евразия Парк» ЖШС  мен оның мердігері – қаладағы танымал «УС-99» құрылыс компаниясы салып бітірмек. Үлескерлерге белгілі болғандай, үйге ендігі коммуникация жүргізіліп, қызмет көрсетушілермен келісім-шарт жасалады екен. «Бонитаға» алданған үлескерлердің анықталған саны, прокуратураның мәліметтері бойынша 29-ға жеткен. Оның 16-сы – ТШО қызметкерлері. 2004 жылы құрылысшылармен үлестік қатысу туралы келісім-шарт жасаған сәттен бастап адамдар несиелерді уақытымен төлеп келеді. Несиелерінен құтылғандар да бар, бірақ пәтерлері әлі күнге дейін салынып біткен жоқ.

Олардың бірі – қала тұрғыны Наталья ШМАКОВА. Ол осыдан жеті жыл бұрын құны 27 мың доллар тұратын 2 бөлмелі пәтерге келісім-шарт жасапты. Соманың бір бөлігін Наталья салынып жатқан пәтерді кепілдікке салып, несие рәсімдеп алған. Ал әжептәуір пайыздар төлеген соң несиені уақытынан бұрын жаппақ болған кезде, стандартты процедура бойынша оны мүліктен банктік кепілдікті алып тастау үшін банк БТИ-ға жіберіпті. Ол жерде таң қалған қызға ол сатып алған пәтердің дерекқорда жоқ екендігін түсіндірген. Банктегілер таң қалмапты, өйткені ол уақытта Наталья бүкіл қарызын төлеп құтылған болатын.

– Ол жердегілер өзара кеңесті де, несиені жауып тастады. Жарайды, ал пәтердің өзі қалай болмақ? Менқалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ қабылдауында болдым. Бірақ ол бұл үйдің коммерциялық баспанаға жататынын, өздерінің бұған жауапкершілік алмайтынын мәлімдеді. Ал менің «Бонита Инжинирингке» қарсы азаматтық талап арызымды қарауға қабылдаған судья бұл үйдің әлі де үлескерлерінің қалғанына қатты таң қалды. Ал жақында ғана прокуратураға жазған шағымыма жауап алдым. Онда материалдық өтемақыны, менің білуімше, құрылтайшысы қашып жүрген «Бонита Инжинирингтен» талап ету керектігім жөнінде айтылған.

Атыраулық соттардың «Бонитаның» алданған үлескерлерінің талап-арыздарын еш проблемасыз қанағаттандыратынын атап өту керек. Тек жауапкер ғана қашып жүр. Компания басшысына іздеу жарияланғаны белгілі. Астанадағы сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы Келден МЕКЕБАЕВ телефон арқылы барлық атыраулық үлескерлерге өндіріп алу мүмкін болмағандықтан атқару қағаздарының қайтарылып беріл-генін хабарлады. Автокөліктерді сатудан түскен қаржылар сол Астанадағы құрылысшыларға еңбекақы бойынша қарыздарын төлеу үшін жұмсалған. Өйткені, «Бонита» үлестік қатысы бар нысанды тек Атырауда емес, Астанада да салып бітірмепті. Астананың бірнеше ондаған тұрғындары алданып қалған.

 

ЖАҢА ЖЫЛДА - ЖАҢА ҮЙ

«Стройгрупп LTD» ЖШС (суретте) салып жатқан Тайманов – Жарбосынов көшелерінің қиылысындағы басқа бір сақалды құрылыс үлескерлерінің жағдайы үмітсіз емес. Ол жердегі құрылыс салушы қашып кеткен жоқ. Бірақ, нысанның тапсыру уақытын сағызша созып болды. Құрылыстың бастапқыдағы аяқталу мерзімі - 30.06.2008 жыл болатын, ол тұрақты түрде кейінге қалдырылып келеді. Соңғы рет үйді биылғы жылдың қарашасында тапсыруға уәде етілген болатын. Ал  құрылыста тағы да тыныштық орнапты.

- «Стройгрупп LTD» ЖШС Атырау филиалының басшысы Уәлихан НҰҒМАНОВТЫҢ тарапынан барлық уәделер ауызша ғана беріледі. Әр барған сайын ол бізді мемлекеттік органдарға жүгінбеуді, сотқа бермеуді өтінеді. Олай болған жағдайда құрылысты тоқтататындарын, өз пәтерлерімізді мүлдем көре алмайтынымызды айтады. Баспанасы жоқтары шынымен де қауіптенеді. Ал әбден торыққандары аяқталмаған үйдегі пәтерлеріне жөндеу жүргізе бастады. Әр демалыс сайын 6-10 шақты белсенді үлескерлер болып, жұмыс барысын бақылау үшін құрылыс алаңына барып жүрміз. Алғаш барғанымызда бізге бір құрылысшы жүгіріп келіп: «Сіздер мына жерде митингке жиналдыңыздар ма?» - деп шошына сұрады. Біз оған тап беріп едік, ол қаша жөнелді, - деп әзілдей әңгімеледі үлескерлер.

Аңғарымпаз үлескерлер ғимараттың бастапқы жобасының үнемдеу мақсатында нашар жағына қарай елеулі өзгерістерге ұшырағанын бірден байқаған.

- Бұрын бізді көршілес Жарбосынов көшесіндегі 62-үйдей болады деп сендірді. Бірақ, жобадан ауытқыпты, подъездің іші кафельмен әрленбеген. Сымдар оқшауланбаған. Есіктердің сапасы нашар, олар да бір алаңның өзінде әртүрлі. Біз бас кеңсеге өз талаптарымызды қойған едік. Бізге жобадағы өзгерістердің өткен және келе жатқан дағдарыстарға байланысты туындағанын мәлімдеді. Дағдарысты 2007 жылы жалпы пәтер санының 70 пайызынан астамын, ал кейбір мәліметтерде 90 пайыздай пәтерді сатқан компанияға дағдарыс қалай әсер еткен? – деп сұрайды үлескерлер уытты әзілмен. Құрылыс салушылардың өтініштеріне құлақ аспаған олар Атырау облысының әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВҚА, қабылдау комиссиясының төрағасына және «Стройгрупп LTD» ЖШС басшылығына хат дайындап қойған. Хатта жобадағы басқа да ауытқушылықтар жазылған. Бұл үлескерлердің пікірінше, осы тұрғын үйдің болашақта қауіпсіз пайдаланылуына қауіп төндіріп тұр екен.

«…Үйдің сыртқы қабырғасының жылу изоляциялық қабаты жоқ. Қаланған кірпішке тек сылақ пен бояу қабаты жағылған. Кірпіш цемент және қандай да болмасын ерітінді қолданылмай қаланған. Мұндағы кірпіш блоктары бір-біріне ретсіз қаланыпты. Бұл қауіпсіздік нормаларын өрескел бұзу боп табылады және қайтымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Ғимаратты толықтай жылытуға қажетті жылу қазандығының орынжайы жоқ. Құрылыс салушылардың сендіруінше, нысанды өндірістік қуаттылығы 120 пәтерлік екі үйді жылытуға жеткіліксіз көрші үйдің жылу қазандығына қосады екен.

Жылу тұрбаларына арналған бетон науалар жоқ, тұрбалардың жылу изоляциясы және тұрбалардың өзі қанағаттанарлықсыз күйде, өйткені екі жыл бойына ашық аспан астында жатқан.

Подъездер алдындағы жобада қарастырылған баспалдақтар жоқ» және т.б.

Үлескерлер жергілікті филиалдың басшысы деп есептейтін Уәлихан Нұғыманов өзінің бар болғаны техникалық қадағалау бөлімінің бастығы ғана екенін растап отыр. Ол жобаның өзгергенін жоққа шығарды:

– Егер біз жобадан ауытқысақ, оны қабылдау комиссиясы қабылдамайды. Жылу қазандығына келер болсақ, бастапқыда жоба бойынша екі үйге біреу ғана болады деп қарастырылған. Ол қазандыққа қосымша қазандық орнатылды.

– Үй қашан тапсырылады?

– Қазір біз жылуды қосамыз. Тапсырыс берген лифтілер Орал қаласына жетіпті. Жеткізілген бойда орната бастаймыз. Жаңа жылға дейін мемлекеттік комиссия актілерінің бланкілерін алып, оларға қол қойыла бастайды деп жоспарлап отырмыз. Қаңтар айында үлескерлердің кілттерін таратамыз деп ойлаймын.

–  Үлескерлер мен біздің компания арасындағы келісім-шартқа қарамастан үйді тапсыруды өте көп кешіктірдіңіздер. Келі-сім-шартта бұл жағдайда сіздің тарапыңыздан болатын өтемақы туралы тармақ бар. Адамдар үш жыл ішінде бұл 5-6 мың доллардай қомақты сома болып қалды деп есептеп отыр. Үлескерлерге өтемақыны күткен жөн бе?

– Біз бір күндік компания емеспіз және атыраулық нарықтан кетпек ойымыз жоқ. Біздің қаржымыз бар. Бұл мәселелердің барлығы үй тапсырылғаннан кейін және жеке тәртіппен шешілетін болады. Сонда үлескерлерге біздің «Стройгрупп LTD» ЖШС бас директоры Н. Е. Нұрымбаевтың атына хатпен шығу қажет болады.

 

ЕЛЕНБЕГЕН МӘЛІМДЕМЕ

Атыраулық үлескерлердің барлығы жергілікті атқару органдарынан ақыры ешқандай көмек ала алмағандарын бірауыздан атап өтті. Ал осыдан екі жыл бұрын елбасымыз:

– Алақол құрылыс салушылармен мемлекет соттасатын болады, ал адамдар пәтерлерін алуы тиіс. Мемлекет алданған үлескерлерге қолдау көрсетеді. 48 алаяқ түрмеде отыр. Қалғандары бойынша прокуратура мен құқық қорғау органдарына соңына дейін тергеп, мүлікті тәркілеп, мемлекетке олар ұрлаған нәрселерді қайтартуға тапсырма бердім. Бұл жерде бәрі де нақты және айқын болуы тиіс. Біз бір пәтерге соңғы қалған ақшасына дейін салған жандарға көмектесеміз. 10-20 пәтерден салып, алыпсатарлықпен ақша тапқысы келгендерге біз көмектеспейміз, - деп мәлімдеген болатын.

Президенттің сөзін біздің шенеуніктердің құлаққа ілмейтіні көрініп тұр.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген В. Истомин

28 желтоқсан 2011, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.