Атырау, 11 желтоқсан 11:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Шетпедегі атыс

4 383 просмотра

Шетпе стансасында төтенше жағдай жарияланған жоқ. Бірақ коменданттық сағат енгізілген. 22 желтоқсанда біз журналистер тобымен сол жерге аттандық. Ақтаудан Шетпеге дейінгі қашықтық 150 км. Бұл жерде бюджеттік сала мен теміржол стансасының мекемелерінен басқа жерде жұмыс жоқ. Бірақ, әрине, Маңғыстау облысының кеніштерінде вахталық жұмыстар бар. Ал стансаның жұмыссыз тұрғындары өтіп жататын пойыздарға сауда жасаумен күн көреді. Бізді тағы да облыстық әкімдіктің қызметкері мен біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз еткен екі полицей қызметкері алып жүрді. Алайда сапарымыздың алдында бізді күтпеген жерден Ақтаудағы облыстық аурухананың мүрдеханасына апарды.

МҮРДЕХАНАДА

Журналистерді облыстық аурухананың орталықтандырылған паталогоанатомиялық бөлімшесінің меңгерушісі Болатбай ЖҰМАБЕКОВ қарсы алды.

- Бізде қазір Жаңаөзенде қаза болған бірде бір адамның мүрдесі жоқ. Мына денелер - ауруханада өз ажалымен қайтыс болғандардың мүрделері, - деді ол. Содан соң: - Иә, тәртіпсіздік болған күні маған қоңырау шалып, бізде неше орын бар екенін сұрады. Бірақ, құдайға шүкір, мүрделерді жаппай әкелу болған жоқ, - деп қосып қойды.

Содан соң біз сот медициналық сараптама орталығының Маңғыстау филиалына бардық. Орталық мүрдеханасының меңгерушісі Дулат БОЛЫСОВ журналистерге оларға 17 және 18 желтоқсанда 2 мүрде – 16 жастағы бала мен 29 жастағы жігіттің денесі әкелінгенін айтты:

- Біреуі Маңғыстау облыстық ауруханасынан, екіншісі Шетпе аудандық ауруханасынан жеткізілді. Марқұмдардың денелері ендігі туысқандарына берілді.

Дулат Болысов мүрдехананың барлық камераларын көрсетіп шықты. Онда қайтыс болған басқа үш адамның денелері жатты.

- Бұл адамдар мүлдем басқа қылмыстық жағдайда қаза болғандар. Яғни, олар Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер барысында өлмеген.

ШЕТПЕ. ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН ДИАЛОГ

22 желтоқсанда күндіз Шетпе стансасының өзіне де жеттік. Бұл жерде де полицей патрульдері мен омондықтар толып жүр екен.

Бізге ЖІІБ бастығы подполковник Серік ҚОЖАЕВ баян еткендей, Шетпеде қазір жағдай тұрақталған. Барлық жолдарға блокпосттар орнатылған, патрульдік машиналар жүріп тұрады екен.

С. Қожаевтың айтуынша, 17 желтоқсанда жас жігіттер тобы Шетпе стансасының теміржолын бөгеп тастап, жолаушылар пойызын өткізбепті. Бұл адамдар локомотивті өртеп жіберуге тырысқан, бірақ өрт шұғыл сөндірілген.

- Бастапқыда олар ешқандай талап қойған жоқ, - дейді С. Қожаев. – Жеке құрамды жинап, Шетпе стансасына барып, пикетке шығушылармен келіссөз жүргізуге тырыстық. Бірақ бізбен ешкім де сөйлескен жоқ. Біздің теміржолды тез арада босату жөнінде әлденеше рет жасаған өтініштеріміз бен талаптарымызды ешкім де елеген жоқ. 1 адам қаза болып, 11 адам жараланды. Барлығына медициналық көмек көрсетілді. 3 адам Ақтауда емделіп жатыр. 8 адам ұсталды, оларға 299-баптың1-тармағы бойынша айып тағылды. Іс тергелуде. Подполковник Қожаев қаза болған жігіттің БАҚ-тарда хабарланғандай өрт сөндіруші емес, жай ғана рұқсат етілмеген митингке қатысушы екенін ерекше атап өтті.

Алайда осы жерде әңгімеге облыстық ІІД бастығының орынбасары полковник Хайдар САРИН араласты.

- Сен айт, айт бәрін, - деп бұйрық берді ол подполковник Қожаевқа. – Бұл анықталған фактілер. Марқұмның есімі Төлегенов Төребек. Ол ТЖМ өрт сөндіру бөлімінде жұмыс жасаған.

Содан соң дауыс ырғағын өзгертіп, бірақ ол «ана тарапта» болған деп атап өтті.

- Оған кім оқ атты?

- Кім атты дейсіз бе? Біз аттық!

- Не үшін? Кім бұйрық берді?

- Қалай не үшін? Өмірімізге қауіп төніп тұрса, табельдік қаруды пайдалануға қақымыз бар.  

- Оқ патронымен ататындай марқұм қандай әрекет жасады?

- Мен мұны білмеймін, оны тобырдың арасынан айыру мүмкін дейсіз бе? Ешкім де нысанаға алып халықты атқан жоқ. Ескерту ретінде аспанға оқ атылды, - деп жауап берді подполковник Қожаев.

- Сіздерде жас ағызатын арнайы құралдар, водометтер жоқ па?

- Бізде арнайы құралдар жоқ, тек каскалар, қалқандар мен қарулар бар. Аудандық әкімдіктер арнайы құралдармен қамтамасыз етулері тиіс.

- Ішкі істер министрі Қасымов егер «Гонг» деп аталатын жоспар жарияланбаса, полицейлердің табельдік қаруларды пайдалануға қақылары жоқ деген еді. Сіздерде осы жоспар болды ма? Оны кім енгізді?

- Бізге облыстан 16 желтоқсанда, қақтығыстар басталған кезде ортақ жариялады.

- Тәртіпсіздіктерге қатысушылардан алынған қарулар бар ма?

- Оларда қару болды, бірақ алынған қарулар жоқ. Біздің қызметкеріміздің біріне оқ атқандығы туралы факті бар, бірақ оның есімін атай алмаймын. Бұл біздің офицеріміз, оған оқ тиді, бірақ ол аман қалды.

Жамбыл облыстық батальон командирінің орынбасары майор Жайдарбек ҚҰТТЫБАЕВТЫҢайтуынша, 40 адамнан тұратын олардың взводы бұл жерге 17 желтоқсанда жеткен. Оқ оның тапаншасының сабына тиген, бірақ өзіне тимепті.

САДАҚАДА

Сол күні Жармыш селосында қаза болған ТЖМ сержанты Төребек Төлегеновтің садақасы өтіп жатты. Шетпеден Жармышқа дейін 30 шақырымдай жер екен, сол жерге баруды ұйғардым. Мен барған кезде Төребектің анасы Зарық Тауасарова жергілікті дәстүр бойынша ұлына жоқтау айтып жатыр екен. Маңғыстау облысында қазақ әйелдері өз қайғыларын жоқтау жырымен жеткізеді. Әдетте жоқтауды жақын туыстары кезекпен айтып жалғастырады.

- Балаларым-ай, ұлым туралы сұрап, менің жанымды жаралай беретіндерің не? Сәуір айында жасы 30-ға толар еді. Бұл оның өміріндегі соңғы тәуелсіздік мерекесі болды ғой, - дейді көкірегі қарс айырылып жылаған ана жоқтау айтып.

Әкесі Жәнібек ТӨЛЕГЕНОВТІҢ жасы 55-те. Екеуі жеті бала тәрбиелеген. Оны да «Арғымақсервис» ЖШС-нен жұмыстан шығарып жіберіпті. Төребек үлкен ұлдары көрінеді. Зарық екеуі ұлдары жуырда келін әкеледі деп күтіп жүрген екен.
-Сол күні Төребекті «усилениеге» шақырып кетті. Оның қызмет көлігі жоқ еді, ол жерге жолай көліктерге мініп жеткен, - дейді әкесі. - Ұлымызға оқ тигенін естіген бойда әйеліміз екеуміз Шетпе жаққа жүріп кеттік. Біз Шетпеге келген кезде машинамызға оқ жаудырды. Оқ менің шалбарымды тесіп өтті, шамасы, аяқты көздесе керек.
Ол маған: менің ұлымды осындай патронмен атыпты, - деп гильзаны көрсетті

Жәнібектің інісі Мейірбектің айтуынша, олар Шетпеге келген кезде Төребек о дүниелік боп кеткен екен...

Ата-анасы ұлдарын 20 желтоқсанда жер қойнына тапсырған. Жерлеу рәсіміне ауылдың құрметті адамдарымен бірге аудан әкімі де келіпті.

СәнияТОЙКЕН

Шетпеден

Суреттерді түсірген автор

25 желтоқсан 2011, 21:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.