Атырау, 25 желтоқсан 18:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

ҚІІБ ғимаратына ереуілшілердің төрт өкілін өткізді

2 547 просмотра

Бүгін Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының президенті Ләззат ҚИЫНОВ пен тете премьер Өмірзақ ШӨКЕЕВ жетекшілік еткен мемлекеттік комиссия мүшелері ереуілге шыққан мұнайшылармен кездесті.

Жаңаөзендегі дереккөзіміз хабарлағандай, кездесу мұнайшылардың мәдениет үйінде өткен. Жоғарғы шенді шенеуніктер тобының келгенін естігеннен кейін таңертеңнен бері тек ереуілшілер ғана емес, өздерінің хабар-ошарсыз кеткен туысқандарының тағдыры туралы біле алмай отырған жаңаөзендіктер де сол жерге қарай ағыла бастапты. Шөкеев бірден: «Қазір біз жұмыстан қуылған мұнайшылардың проблемасын шешу үшін жиналып отырмыз, ал криминалдық оқиғаларға қатысты жеке әңгіме болады» -деп,  мәселенің бетін ашып алыпты.

«ӨзенМұнайГаз» ӨФ құрамында 14 бөлімше бар. Олар бізге 15-бөлімшені құрамыз, оған ереуілге шығушылардың барлығы жұмысқа алынады деген ұсыныс айтты, - деп хабарлады дереккөз. – Бірақ біз бұл ұсыныстан бірауыздан бас тарттық. Өйткені құрылатын басқарма бұрғылаушыларға арналған, ал бізде негізінен басқа профильдегі жұмысшылар».

Шөкеев мұнайшыларға әрі қарайғы келіссөздерге тікелей қатысатын өз өкілдерінің тізімін жасақтап беруді ұсынған. Өз кезегінде ереуілшілер хабарсыз кеткен жас жігіттердің тағдырын анықтау үшін өкілдерін ҚІІБ ғимаратына өткізуді талап еткен. Шенеуніктер келісіпті.

«Біз сол жерде 10 адамнан тұратын комиссияны таңдадық, олар ҚІІБ-не кетті. Бірақ ол жерге тек төрт адамды – екі ер адам мен екі әйел адамды өткізіпті. Олар ол жерден не көргендерін әзірге біз білмейміз», - деп хабарлады біздің дереккөзіміз.

Сәния ТОЙКЕН, Ақтау - Атырау

Суретті түсірген автор

23 желтоқсан 2011, 23:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.