Атырау, 28 қараша 21:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Түлектердің үштен бірі шекті деңгейден аса алмады

1 836 просмотра

Image 0Фото "АЖ" мұрағатынанӨңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Әлібек НӘУТИЕВТЫҢ қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Соңғы жаңалықтар: биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге Атырау облысының 3 110 мектеп түлегі қатысты, 1 117 түлек (35,9%) шектік деңгейден өте алмады. Облыс бойынша ең жоғарғы балл - 123, ең төменгі балл – 22.

«Алтын белгіге» үміткер 77 түлектің 39-ы, «Үздік аттестатқа» үміткер 18 түлектің 6-ы ғана білімдерін дәлелдеді.

Ал, шектік деңгейден өте алмаған түлектер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы ЖОО ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Оған құжаттар 1-8 тамыз аралығында ЖОО қабылдау комиссияларында қабылданып, тестілеу 19-24 аралығында өткізіледі.

Облыс әкімі орынбасарының көлемді баяндамасынан кейін журналистерді діни ахуал туралы білгісі келгені түсінікті. Нәутиевтің айтуынша, облыста 41 діни бірлестік жұмыс жасайды. Оның 29-ы исламдық, 3-еуі православиелік, 2-еуі католиктік, 7-еуі протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер. 11 шетелдік миссионер тіркелген: бір азамат Молдава, біреуі Словакия, екеуі Италия, жетеуі Польша азаматтары.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

13 маусым 2016, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.