Жұмыскер-1 ауданы тұрмыстық қалдықтарға батуда.
Аудан тұрғындары «Арнаулы автобаза» КМК-нің қоқыс таситын көліктерінің бұл жерге келмегеніне төртінші айдың жүзі болды деседі.
Қазір бір кездері екі қоқыс контейнері орналасқан жерді сұмдық қоқыс жайлаған. Ыстық ауа райы басталғанда сасық иіс бүкіл төңірекке таралады. Бірақ мәселе иісте де емес, тау боп үйілген қалдықтар алуан түрлі паразиттерге лық толы. Санитарлық эпидемиялық қадағалау қызметіне осы проблемаға кірісетін кез келді. Біз Арнаулы автобаза басшылығымен байланысуға тырыстық, алайда Жұмыскер-1 ауданындағы ахуал бойынша комментарийлер ала алмадық.
…Жұмыскер-1-дегі жолдардың ахуалы да нашар. Бұл жерде жолсызбен жүретін көліктер құрғақ күндері әрең өтеді, ал жаңбырдан кейін бұл жерден ешқандай көлік өте алмайды.
Марат ТАКУЛИН
Суретті және бейнежазбаны түсірген автор