Атырау, 27 сәуір 22:59
 ашықВ Атырау +23
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Орландодағы гей-клубқа шабуыл құрбандары 50 адамға жетті

1 821 просмотра

Орландодағы клубқа шабуылдан жараланғандарғам қан тапсыруға кезекте тұрған адамдар. АҚШ, 12 маусым 2016 жыл. Фото: ReutersФлорида штатының Орландо қаласында түнгі гей-клубта болған атыстан қаза тапқандар саны 50 адамға жетті. Pulse клубына келушілерге жаппай оқ атқан адамды полиция атып өлтірген. АҚШ тарихында мұндай кісі көп өлтірілген қанды қырғын бірінші рет болып отыр. Орландо мэрі Бадди Дайердің айтуынша, атыстан тағы 53 адам жараланған,- деп хабарлады Азаттық.

АҚШ президенті Барак Обама америкалықтар бірлікте екенін және "үрейге бой алдырмай, терроризм актісі мен жеккөрінішке бірге қарсы тұратынын" мәлімдеді. Полиция клубқа шабуыл басталғаннан үш сағат өткенде басып кіріп, адамдарды кепілге алған шабуылдаушыны атып өлтірген. "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымын қолдайтын Amaq агенттігі шабуылға ИМ-нің қатысы барын мәлімдеді.

Шабуыл жасаған адам тегі ауған америкалық Омар Матин делінеді. Құқық қорғау органдары шабуылдың ел ішіндегі жасалған қылмыс, я халықаралық теракт екенін, Омар Матиннің сыбайластары болған не болмағанын анықтап жатыр.

Федералдық тергеу бюросының агенті Рональд Хоппер шабылдаушы радикалды ислам идеологиясын ұстанған болуы мүмкін дейді.

Дереккөз: Аzattyq.org

13 маусым 2016, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.