10 маусымда АтМжГИ Студенттер сарайында Жастар ресурстар орталығы, «Тарлан -Атырау» ҚБ және облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы биылғы жыл ұйымдастырып отырған екінші бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
«АСА», «АМӨЗ» ЖШС, NSS LTD, «Си Эйч Си Глобал Оперейшнс», «Сичим», «Юсс супорт Сервисез», рекрутингтік агенттіктер, мейманхана кешендері, балабақшалар қатарындағы 30 жұмыс беруші кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс іздеушілерге 600-дей бос жұмыс орындарын ұсынды. Әдеттегідей, еңбек нарығында инженерлік-техникалық кадрлар мен жұмысшы мамандықтары – дәнекерлеушілер, сантехниктер, слесарьлар сұранысқа ие. Білім беру мекемелеріне тәрбиешілер, төменгі сынып мұғалімдері қажет. Таң қаларлығы, жұмыс іздеушілер тарапынан жәрмеңкеге қатысушылар көп болмады. Алайда ұйымдастырушылар оларды жас ерекшеліктері бойынша шектемегендіктерін айтқан еді. Басым көпшілігін жастар – ағымдағы және өткен оқу жылдарының түлектері құрады. Жұмыс іздеушілерге қолайлы болу үшін залға өз түйіндемелерін тегін басып шығаруға компьютер мен принтер орнатылған. Бұдан басқа, оларға өз мәліметтерін енгізе алуы үшін дайын бланкалар ұсынды.
- Бізге «Мұнай мен газды өңдеу және органикалық заттардың химиялық технологиясы» профилі бойынша білім алған қызметкерлер керек. Тәжірибе міндетті емес, бастысы, адамда жақсы теориялық база болу керек. Сәуірде біз жәрмеңкеге қатыстық, сол кезде өзіміз үшін студенттер кандидатураларын іріктеп қойған едік. Біз студенттерді алдын ала қарастырамыз, болашақ қызметкерлерді студенттер қатарынан 2-ші курстан бастап іріктей бастаймыз. Оларға шәкіртақы төлеп, өзімізге тәжірибеден өтуге, ал содан соң жұмысқа шақырамыз, - деді АМӨЗ персоналды басқару және еңбекақы төлеу бөлімі бастығының орынбасары Гуляра ӨТЕҒАЛИЕВА.
Бұдан басқа, зауытта қазір жаңа жобада – мұнайды терең өңдеу кешенінде жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған қайта даярлау курстары жұмыс істейді. АМӨЗ-дің тәжірибелі қызметкерлері МжГИ мемлекеттік аттестациялық комиссиясының жұмысына қатысады. Бұл институт пен зауыт арасындағы байланыстың нығаюына себеп болады. Гуляра Өтеғалиева сондай-ақ жәрмеңкеге қатысушылардың көп еместігін атап өтті. Кездесу профильдік жоғарғы оқу орнында өтті. Оған үміткерлер өте көп болатындай көрінген, алайда сағат 11-ге қарай оның үстелінің үстінде бар болғаны жұмыс іздеушілердің бірнеше түйіндемелері ғана жатты.
«Арнаулы автобаза» ЖШС-нің кадрлар жөніндегі инспекторы Алтынай АРЫСТАНҒАЛИЕВАНЫҢ үстелі де бос болды. Бірақ бұған таң қалуға болмайды. Жастар «лас» жұмысқа барғысы келмейді және ЖШС ұсынатын арнаулы автотехника жүргізушісі, механизатор, жүк тиеуші, жол қызметкерінің орны үшін «күрескілері» келмейді. Алайда оларда жұмыс жағдайы жаман емес – уақытында тұрақты еңбекақыны, зейнетақы және басқа да қажетті жарналарды төлеп тұрады. Жүргізуші, мәселен, 150 мың теңгеге дейін, жұмысшылар 70-80 мың теңгеге дейін алады.
Ал мұнайгаз өнеркәсібі қызметін ұсынумен айналысатын «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС үстелінде жас қыз-жігіттер үймелеп тұрды. ЖШС құбыр монтаждаушылар, ТҚ инженер-бақылаушылар, технолог-мұнайшылар, аспаздар және т.б. іріктеу үшін жәрмеңкеге келген. Компанияның жұмыс іздеушілерге қойып отырған бірқатар қиын талаптарына (профильдік білім, еңбек өтілінің болуы немесе ең болмағанда мұнай саласында тәжірибеден өтуі, ағылшын тілін білгені жақсы) қарамастан фирма өкілі Зульфия ИЩАНОВА 50 шақты түйіндеме жинады.
Кешегі студенттер Айнаш СҮНДЕТОВА, Армангүл САҒИДОЛЛАҚЫЗЫ мен Салтанат ТАБЫЛДИЕВА кешікпей диплом алуға тиіс. Бірақ қазірдің өзінде жұмыс іздей бастаған. Олар түйіндемелерін барлық компанияларға жолдапты. Айнаш құрылыс саласында, ал құрбысы экология саласында жұмыс жасауды жоспарлап отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бос орындар жәрмеңкесінің арқасында 2015-2016 жылдар ішінде 150 адам жұмысқа орналаса алған. Бұл жолы 200-дей адам қатысып, оның 54-і қосымша сұхбаттасуға шақырылған.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор