Атырау, 25 желтоқсан 18:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Ұлттық өнерді әлемге паш етпек

2 369 просмотра

Жуырда «Ақ Желкен» шығармашылық орталығында «Жерұйық» мәдениет орталығы» үкіметтік емес ұйымының тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсіміне жергілікті БАҚ өкілдерімен бірге қоғамдық бірлестіктер жетекшілері, суретшілер мен қолөнершілер қатысты.

Жалпы, «Жерұйық» ҮЕҰ-ның негізгі мақсаты – ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттау, сақтап қалу, жергілікті көнекөз хас шеберлерді немесе олардың өнерін жалғап келе жатқан ізбасарларын тауып, өнерін жалғау және соны қазіргі өмір салтының ажырамас бөлігі болып қалуына мүмкіндік туғызу үшін шеберханалар ашу, ұлттық құнды қолөнер игіліктерін жинастыру және олардың картотекасы мен мұрағаттық материалдарды жасақтау.

Одан бөлек, шеберлердің өзіндік қолтаңбалары зерттеліп, жұмыстарын халыққа кеңінен таныстыру үрдісі жалғасын таппақшы. Ең маңыздысы, қылқалам және қолөнер шеберлерінің басын қосып, түрлі экспедицияға шығуды дәстүрге айналдырып, этнотуризмді дамыту қолға алынбақшы. Ал өнеркәсіптік дизайншыларды еуростандартқа сәйкес қайта даярлайтын орта білім ошағын ашу, алыс-жақын шетелдерге тәжірибеден өтуге мүмкіндіктер жасау көзделіп отыр.

Тағы бір жаңалық, «Жерұйық» мәдениет орталығы» үкіметтік емес ұйымы жанынан ұлттық өнерді насихаттау және қолдау мақсатында батыс аймақтық «Ақ Желкен» газеті жарыққа шықпақ.

Айнұр САПАРОВА

22 желтоқсан 2011, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.