Атырау, 25 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Тоғызыншы «Лидер» ашылды

2 178 просмотра

«Ағила» сауда орталығының жанындағы №71 үйде қаладағы «халықтық» «Лидер» супермаркеті желісінің 9-шы дүкені ашылды. Оныншы дүкен де ашылады деп күтілуде, бірақ, арзан азық-түлік жеткізушінің бұған күші жетпеуі мүмкін.

 

Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің өкілі мұндай сауда нүктелерінің саны кешікпей көбейеді деп айтқанда, сол жерде тұрған «АтырауАгросервис» ЖШС (ЖШС бағаны тұрақтандыру жөніндегі облыстық бағдарлама бойынша азық-түліктерді төмендетілген бағамен сатады) директоры Асқар БИСЕНОВ не істерін білмей қалды. Өйткені, компанияда бар болғаны бір «Газель» мен екі жүкші бар. Тағы бір жүк машинасы мен қосымша жүкшілерді алуға «Агросервистің» жағдайы жетпейді, өйткені бұл бірден бөлшек бағаға әсерін тигізеді екен.

- Біз 30 тонна қарақұмық, 20 тонна сұлы, 20 тонна арпа жармалары мен 330 тонна күріш әкелдік. Қазір олардың келісін тиісінше 220, 75, 108 және 120 теңгеден сатып жатырмыз. Бұл партияны қоймаларға тегін орналастырдық. Бірақ қазір серіктестеріміз қойма орынжайларын жалға алғаны үшін ақша төлеу керектігін меңзеп отыр. Біздер төлей алмаймыз, өйткені біздің өнімдеріміз «арзан» деген мәртебеден айырылады, - дейді А. Бисенов. – Жалпы, шаруамыз жақсы жүріп тұр. «Заречное» деп аталатын күнбағыс майының 1 литрін 297 теңгеден сатып жатырмыз. Сары майды (спред) 43 тонна қылып әкелдік. 3 тоннасы қалды. Жақын күндері тағы 29 тоннасын әкелеміз, бұрынғыдай олардың келісін 300 теңгеден сататын боламыз. 2,7 мың тонна картопты көкөніс қоймасына әкеліп қойдық. Енді Қырғызстаннан тағы 1,1 мың тоннасын әкелмекпіз. 800 тонна пияз әкелдік. 100 тонна орамжапырақ, 26 тонна сәбіз келе жатыр. Белоруссиялық сиыр етін де әкелетін боламыз. Бізді «еттерің мұз боп қатып қалған» деп жазғырады. Басқаша болмайды, біздің өз тоңазытқыштарымыз жоқ.

А. Бисеновтің айтуынша, облыстық әкімдікте «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы азық-түлік қоймалары мен муниципалды базар салу туралы мәселе қаралып жатқан көрінеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В. Истомин

22 желтоқсан 2011, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.