Атырау, 25 желтоқсан 18:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

ЖИН жоқ болса - айыппұл төле!

2 305 просмотра

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке куәліктерінде жеке идентификациялық нөмірі жоқ азаматтар бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 7560 теңге айыппұл төлейді.

Нақтырақ айтсақ, 1995-1997 жылдың тамызына дейін берілген жеке куәліктерде ЖИН енгізілмеген, сол себепті бұл құжаттар жарамсыз болып саналады. Енді жаңа жылдан бастап тек қана осы мерзім аралығындағы жеке куәлік иелеріне айыппұл салынбақ.

Ал 1997 жылдан кейінгі жеке куәліктерде туған күні, айы, жылы жазылған жолдың астында 12 санды ЖИН бар. Атырау облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасының халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің бастығы Гүлжанат АЯЗБАЕВАНЫҢ айтуынша, айыппұл санкциялары ҚРӘК-нің 377-бабында көрсетілген.  

Қазіргі таңда Атырау облысында ЖИН алу үшін жеке куәліктерін ауыстырып үлгермеген әлі 5000-ға жуық адам бар. Олардың бәрі бірдей жаңа жылға дейін құжаттарын рәсімдеп үлгермейтіні белгілі.

Айнұр САПАРОВА

22 желтоқсан 2011, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.