Атырау, 12 қараша 09:12
 ашықВ Атырау +2
$ 492.65
€ 525.71
₽ 5.03

Аяз ата, Ақшақар және Жын мен Айдаһар

20 079 просмотра

Жаңа жылға дейін аз уақыт қалды, ал біздің - ата-аналардың каникул кезінде балалардың көңілін көтеретін сауық бағдарламасын ойластыруға мүлдем уақытымыз жоқ. Тоқсандық және жылдық есепті тапсыруға үлгеру керек деп жанталасып жүргенде шыршаны қайдан ойлайсың?! Қызметтік жағдайымды пайдаланып, оқырмандар үшін және өзім үшін балалар ертеңгілігі туралы мақала дайындауды жұмыс жоспарыма енгізуге тура келді.

«Ертеңгілік» деген сөзді айтқанда өзіміздің балалық шағымыздағы сүйкімді көрі-ністер: сол кезде үлкен боп көрінетін Мәдениет үйінің холы, өте биік етіп орнатылған сұлу шырша мен қыбыр етпестен тамашалайтын қойылым жарқ ете қалады. Ал сыйлық ше?! Мандариндер мен шоколадтардың бұрқыраған иістерінен басымыз айналатын! Өкінішке орай, қазір көпшілігі қолдарына сәбилерін ұстаған ересектердің шыршаны тар шеңбермен қоршап, аяқ астында анталаған бүлдіршін-дерді әдепсіздікпен итермелейтін көріністі көріп жүр. Мұндайды болдырмас үшін мерекені ұйымдастырушыларға ертеңгіліктерді топтарға: бөбектер мен кіші балабақша жасындағы балалар және мектеп оқушылары деп бөлген жақсы болар еді. Бірақ мен жекелеген бағдарламалары бар осындай орынды тапқым келгенімен, онымнан ештеңе шықпады. Ұйымдастырушылардың барлығы бірауыздан олардың қойылымдары сәбилер үшін де, мектеп оқушылары үшін де бірдей қызықты болады деп сендірді. «Бірақ бастауыш мектеп звеносымен шектелген жақсы, - деп ескертеді ол. – 11-12 жастағы жасөспірімдерге ертеңгі-ліктер қызық емес». Ата-аналар фотосуретке түсіретін кезде балаларының жандарында жай ғана тұрулары үшін балаларға көрсетпей умаждалған 200 теңгені Аяз ата мен Ақшақарға ұстата қоюға мәжбүр болады. Сондықтан әртістермен фотосуретке түсу қарастырылған ба, әлде оларға фотосуретке түскені үшін жеке ақы төлеу керек пе деп, ұйымдастырушылардан алдын ала сұрап алдым. Егер «жоқ» деп жауап берсе, оларға плюс деген белгі қойдым.

 

ДРАМА ТЕАТРЫ

Алдымен М.Өтемісов атындағы облыстық драма театрынан бастайық. Оның әртістері балалар үшін қазақ және орыс тілдерінде жаңа жылдық қойылым дайындаған. Спектакльдер 24-30 желтоқсан аралығында сағат 10.00, 12.00 және 14.00-де өтеді. Залға 200-дей бала сияды, сондықтан ірі мекемелер бір қойылымның бүкіл билеттерін толықтай сатып ала алады. Ал шағын топтар мен сыныптар бірге көңіл көтереді. Бағдарлама бойынша театрланған қойылым және театр фойесінде хоровод болады. Бір сәби үшін билет құны 1 мың теңге тұрады, сыйлықтар жөнінде ата-аналардың өздері ойластырулары керек.

 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ

Жаңа жыл басталғаннан кейін мерекелік эстафетаны бірнеше жыл бойына дәстүрлі түрде балалар ертеңгілігін өткізіп келе жатқан Құрманғазы атындағы Мәдениет үйі (Жилгородок) жалғастырады. «Мерекеге түрлі жастағы балалар қатыса алады. Тіпті бір жасқа дейінгі сәбилерді де әкеледі. Олар ата-аналарының алдында отырып қойылымды тамашалай алады», - дейді Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Алуа ИСМАҒАМБЕТОВА. Бағдарламада шырша жанында өтетін хоровод, конкурстар мен ойындар, содан соң жаңа жылдық қойылымдар бар. 1, 3 және 5 қаңтарда сағат 11.00, 13.00 және 15.00-де қазақ тіліндегі «Спанчбобтың жаңа жылдық саяхаты» деп аталатын қойылым, ал осы секілді 2, 4 және 6 қаңтарда күніне үш рет орыс тілінде «Санта-Клаус и его друзья» деп аталатын ертегі болады. Тәтті сыйлығымен бірге билет құны 2500 теңге тұрады, сыйлықсыз 1100 теңге.

 

«МАЯК» КЛУБЫ

Ертегі-мюзикл мен ойын бағдарламасы, сондай-ақ, Аяз атадан сыйлықтар 29 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін сағат 10.00, 12.00, 14.00 және 16.00-де болады. «Бағдарламаны дайындау кезінде барлық жастағы балаларды ескердік. Біздің қойылымымыз сәбилерге де, жасөспірімдерге де қызықты болады деп үміттенеміз», - дейді «Машталлер» ЖК басшысы Оксана МАШТАЛЛЕР. Ересек балалар «қар» немесе «аяз» ойындарын қуана ойнайды, ал бүлдіршіндер Аяз атаға тақпақ, ән айтып беріп немесе өзгеше костюмімен мақтана алады. Бұл үшін олар ойыншықтарды сыйға алады. Тәтті сыйлықтар ішінде тек кәмпиттер емес, жеміс-жидектер, тәттілер мен шағын ойыншықтар да болады. Сыйлықтарды қосқанда қойылым билеті 2 мың теңге тұрады. Ұйымдастырушылар балалар мен ата-аналар ертегі кейіпкерімен фотосуретке түсуі үшін уақыт қарастырған, бұл үшін әртістер жеке ақы алмайды. Ал кәсіпқой фотографтың суретке  түсіруі – ақылы.

 

«FUNKY TOWN»

«Фанки Таун» ойын-сауық орталығындағы жаңа жылдық ертеңгіліктер 20 желтоқсанда басталған. Ол да сағат 10.00, 12.00, 14.00, 16.00 аралығында, күніне төрт рет 8 қаңтарға дейін созылатын болады. Аяз ата, Ақшақар, Жын мен Айдаһардың қатысуымен «Жынның бастан кешкендері» деген шоу-бағдарлама өткізі-леді. Бір ертеңгілікке 3-тен 12 жасқа дейінгі 50 бала сияды. Қойылым мен тәтті сыйлықтардан басқа балаларға парк аттракциондарын төлейтін кәр-тішкелер беріледі. «Билет құны қандай сыйлық екендігіне және кәртішкенің номиналына қа-рай 1-ден 5 мың теңгеге дейінгі аралықта. Мәселен, 4 мың теңгеге билет сатып алсаң, кәртішкеде 2 мың теңге болады», - дейді парк басқарушысы Ғафур МЕҢЛІБЕКОВ. Балаларды ертегі кейіп-керлерімен бірге өз фотоаппараттарымен суретке түсіру тегін.

 

«ТАМАША» САУДА-ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

«Тамаша» сауда-ойын-сауық орталығы 3-тен жоғары жастағы балаларды 24 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін сағат 11.00, 13.00 және 17.00-де жаңа жылдық қойылымға шақырады. Билет құны сыйлықтарымен бірге 1950 теңге тұрады. Ертеңгіліктер ғимараттың 6-қабатында өткізіледі. Бір қойылымға әрі кеткенде 60 баладан кіреді. «Әуелі балалар спектакль тамашалайды. Содан кейін олар сауық ойындарына қатыса алады», - дейді “Игрорай” балалар ойын-сауық орталығының әкімшісі Шолпан Тәжиева. Ең кішкене қатысушылардың ата-аналары да хороводқа қатыса алады.

 

«РЕНЕССАНС»

Ал «Ренессанс» қонақ үйіндегі жаңа жылдық шыршаға ата-аналар қатыстырылмайды. Сондықтан, демалыс күн-дері өткізілетін мерекеге 5-тен жоғары жастағы балалар қатыса алады. «Бағдарламада – кәсіпқой Аяз ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен жаңа жылдық шоу-бағдарлама болады. Бағдарлама екі тілде жүргізіледі. Аяз ата балаларға орыс тілінде хороводқа тұруды ұсынады, ал ертегі кейіпкері сол мезет оны қазақ тілінде қайталайды. Тәтті сыйлықтардан басқа балаларға мерекелік ас мәзірі де беріледі», - дейді қонақ үйдің сату және маркетинг бөлімінің директоры Махаббат БАЯМАН. Оның айтуынша, ас мәзірі: мини-бутербродтар, пиццаның кішкене бөліктері, десерттер балалар үшін арнайы әзірленген. Бірақ қойылым да қымбат тұрады – 5900 теңге. Шоудан кейін дискотека басталады, балалар би билеп, естелікке фотосуретке түсе алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА    

22 желтоқсан 2011, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.