Атырау, 25 желтоқсан 18:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Жаңаөзенге арналған картоп пен ұн

2 030 просмотра

Облысымыз Жаңаөзенге ең қажетті азық-түліктер түрінде гуманитарлық көмек көрсетпек.

Ол үшін облыстың тұрақтандыру қоры пайдаланылатын болады. Бұл жерде әңгіме әлеуметтік маңыздағы тауарлар санатындағы өнімдер (картоп, пияз, күнбағыс майы, қант, шай, ұн, жармалар, макарон өнімдері) туралы болып отыр.

Ал сейсенбі күні бірінші тете-премьер Өмірзақ ШӨКЕЕВ Жаңаөзенде азық-түлік тауарларының тапшылығы байқалмайды деп атап өткен болатын. «Қосымша ет мөлшерін жеткізуге қатысты ғана аз-кем жетіспеушіліктер бар», - деді ол. Алайда, бізге облыстық әкімдіктегілер айтқандай, аймағымыз ол жаққа ет жібермейді екен. Өйткені, ол әлеуметтік маңыздағы тауарға жатпайтын көрінеді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

22 желтоқсан 2011, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.