Атырау, 24 желтоқсан 18:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Жаңаөзенде ұсталған Ресей журналистері босатылды

2 272 просмотра

18 желтоқсан күні Жаңаөзенде ұсталған «Лента.ру» және ИД «Коммерсантъ» журналистері босатылды деп хабарлаған «Лента.ру» сайтының тілшісі Илья Азар.

Онымен бірге қалалық ішкі істер бөліміне «Коммерсанттың» тілшісі Владимир Соловьев пен фототілшісі Василий Шапошников те жеткізілген екен.
Илья Азардың сөзіне қарағанда, журналистер қазір Жаңаөзеннен шығарылған, олар Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласына кетіп бара жатыр.

Журналистердің хабарлауынша, қалаға кіре берісте оларды автомат асынған жасақтар тоқтатып, себебін түсіндірместен қалалық Ішкі істер бөліміне алып барған. Сол арада ұсталғандар екі сағаттан астам бақылауда болған. Журналистердің жеке заттарын, оның ішінде фото және видео аппараттарын тәркілеген.

«Лента. Ру» сайты тілшісінің Қазақстанға редакцияның арнайы тапсырмасымен барғанын жазады.

Қазақстанның батысындағы 16-17 желтоқсандағы оқиғалар барысында 12 адам опат болып, бірнеше ондаған кісі түрлі жарақаттармен ауруханаларға түсті.

Дереккөз: "Азаттық радиосы"

18 желтоқсан 2011, 20:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.