Атырау, 22 қараша 17:06
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерден қаза тапқандардың саны 13 адамға жетті

2 707 просмотра

Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерден қаза тапқандардың саны 13 адамға жетті, деп хабарлады жексенбіде Астанада Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков. 

Бұрын 11 адам қаза тапты деп хабарланған. 

2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзен қаласының орталық «Ынтымақ» алаңында, Қазақстан тәуелсіздігінің  20 жылдығына арналған мерекелік бағдарламалар өтіп жатқан кезде, жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Жалпы жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде 46 объектілер тоналып, өртелген. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбіде Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Төтенше жағдай қаланың шекарасында  2011 жылғы 17 желтоқсандағы 18 сағат 00 минуттан 2012  жылғы 5 қаңтардағы 7 сағат 00 минут мерзімге дейінгі кезеңде жалғасады. 

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, тәртіпсіздіктер нәтижесінде 86 адам зардап шегіп, 13 адам – қаза тапты», - деді прокурор.  

Сүйіндіковтың айтуынша, тәртіпсіздіктер үшін ұсталған 70 адамның «8-і қамауға алынды».

"Қазақстан жаңалықтары"

18 желтоқсан 2011, 20:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.