Атырау, 2 желтоқсан 02:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Жаңаөзенде 70-ке жуық адам тұтқындалған

3 254 просмотра

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жаңаөзендегі жағдай қалыпқа келгені туралы мәлімдеді деп хабарлайды "Интерфакс Қазақстан" агенттігі.

«Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер басып-жаншылды, қаладағы ахуал қалыпқа түсті, алаңда ешкім жоқ», – деген Қалмұханбет Қасымов.

Полицияның деректері бойынша, тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен 70-ке жуық адам  тұтқындалған.

Министр Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күні болған тәртіпсіздіктер салдарынан 10 адам қаза тауып, 75 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Олардың алтауы - құқық қызметкерлері, біреуі - хал үстінде жатыр деген министр.

Генерал Қасымов Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге бұған дейін жұмыстан шығарылған мұнайшылар кінәлі деп мәлімдеген.

Жұманың кешінен Жаңаөзен қаласы телефон байланысынан ажыратылған. Сонымен бірге Қазақстанда интернет пайдаланушылар бірқатар тәуелсіз БАҚ сайттары мен Twitter әлеуметтік желісінің ашылмай тұрғанын айтып отыр.

Дереккөз: Азаттық радиосы

17 желтоқсан 2011, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.