Атырау, 24 желтоқсан 18:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Үйі өртеніп, далада қалды

3 374 просмотра

9 желтоқсанда Индербор поселкесіндегі орын алған өрттің салдарынан қыстың көзі қырауда бір топ адам далада қалды.

Поселкенің С.Сейфуллин тұйық көшесіндегі сегіз пәтер орналасқан екі қабатты үй апаттық жағдайда тұрғандықтан жалынды сөндіру мүмкін болмаған. Сырты селикат болғанымен қабырғасы саман үй тұруға  жарамсыз болып қалған. Үйдің елу шақты тұрғыны  баспанасыз қалып, туыстарының үйін сағалап жүр.

Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім өрттің шығу себептерін анықтап жатқандарын айтып отыр.  Ал зардап шеккендерге қандай жәрдем көрсетілетіні жайлы  Индер аудандық әкімдігі ақпар бермейді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

15 желтоқсан 2011, 01:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.