Атырау, 24 желтоқсан 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Монополистер қоғамдық бақылауға алынады

1 995 просмотра

«Монополистердің, оның ішінде коммуналдық қызмет жеткізушілердің тәбетін басатын уақыт жетті», - деп есептейді қоғамдық қызметкер Макс БОҚАЕВ.

Өткен жылда ең қымбат тұратын коммуналдық қызметтер: жылу мен суды жылыту тарифтері өскен болатын. «Атырау су арнасы» КМК 2012 жылы тарифті 8 есеге дейін өсіруді көздеп отыр.

М.Боқаевтың пікірінше, монополистерді тек тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдары арқылы қоғамдық бақылауға алу жолымен ғана ауыздықтауға болады екен. Оның үстіне қазіргі қолданылып отырған заңнамалар ондай құрылымдарға монополистермен барынша тиімді күрес жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.

Бұл бастаманы қолдау мақсатында «Дәнекер» деген жұмысшы атауы бар тұтынушылар құқығын қорғау қоғамын құру жөніндегі топ құрылды. 19 желтоқсаннан бастап бастамашыл топ «Инновация және тиімді басқару арқылы тарифтер бағасын ұстап тұру» деген тақырыпта табиғи монополиялар және бақылаушы органдар, сондай-ақ, саяси партия өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

-Егер атыраулықтар белсенділік танытып, бізді қолдайтын болса, бәлкім, монополистер тұтынушыларға «мылқау мақұлық» секілді қарауды тоқтататын болар?! Оларды бізді құрметтеуге және өнім мен қызмет сапасын арттыруға мәжбүр етеміз,- деп есептейді М.Боқаев.

Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамын құру жобасын қолдауға ниет білдіргендер мына мекен-жайға хабарласа алады: max.bokayev@gmail.com немесе 8 705 441 32 38 телефонына қоңырау шалуға болады.

Сәния ТОЙКЕН

14 желтоқсан 2011, 23:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.