Атырау, 24 желтоқсан 17:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Университет лицензиясын қайтарып алды

2 279 просмотра

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті аттестациялаудан өтті.

Бұл жайлы АМУ баспасөз орталығы жетекшісі  Айдар САБЫРОВ хабарлады.

Еске сала кетсек, өткен сәуір айында АМУ кезекті мемлекеттік аттестациядан өткізілген. Білім министрлігінен келген комиссия бітіруші курстар студенттерін ішінара тестілеуден өткізіп, оқу процесіне, кадрлар мен шаруашылық жұмыстарына қатысты ескерту айтып кеткен еді. Университет басшылығына жағдайды түзеуге 6 ай уақыт берілген болатын.

Кейіннен қазан айында өткізілген кезекті аттестациялаудан соң бұған дейін уақытша тоқтатылған дене шынықтыру және спорт; дәстүрлі музыкалық өнер; дизайн; психология; журналистика; математика; агрономия; мал шаруашылығы өнімдерін өндіру (зоотехния); туризм мамандықтары бойынша кәсіби маман дайындау туралы лицензиялық қызметіне рұқсат берілді.

- Енді басқа мамандықтарда оқып жүрген 1 курс студенттерінің білім беру қызметіне рұқсат берілген мамандықтарға 2011-2012 оқу жылының 2-ші семестрінен бастап ауысуына мүмкіндіктері бар, - деп хабарлайды Айдар Сабыров.

Сәния Тойкен

14 желтоқсан 2011, 23:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.