Күн ыси бастап, Атырауда масалар шыға бастады. Ұйықтар алдындағы кешкі серуенді ұмытуға тура келеді, әсіресе басқа жақтан келгендерге. Жергілікті тұрғындарға үйреншікті болып кеткен, дегенмен қиын болады.
Үй ішінде москит торлары мен фумигаторлар құтқарып қалады, бірақ ол да сенімді емес. Мұнайлы астанадағы масаларды жыл сайын улайды, бірақ ең «керемет» деген химикаттардың пайдасы шамалы болып тұр, дейді қала тұрғындары.
Жергілікті бюджет қаржысына қала аумағын улаумен «AG Disinfection servises» компаниясы айналысады. Біз бұл туралы хабарлаған едік, алайда бұл жолы компанияға қоңырау шалуға басқа себеп түрткі болды. Мереке қарсаңында Жеңіс саябағында қызықты көрініске куә болған едім. Аталмыш компанияның қызметкерлері адамдардың шоғырланғанын байқамаған сыңай танытып, химикаттарды оңды-солды шашып, масаларды улай бастады. Бұл шеруге шығушыларға газбен шабуыл жасауды еске түсірді, алайда қоғамдық орында тек балалар, қариялар және отырғыштарда отырған жұптар ғана бар еді. Келушілердің өздері циперметриннің (қымбат тұратын препарат осылай аталады) түтінінен қашуға тырыспады да, тек болып жатқан жағдайды жайбарақат бақылап отырды.
Осы реагенттің қасиеті туралы бейхабар болғандықтан, тікелей «AG Disinfection servises» компаниясына хабарластым. Биолог-энтомолог Айнагүл ДӘУЛЕТИЯРОВА препараттың адам ағзасы үшін зиянсыз екенін және тек қансорғыштарға ғана қауіп төндіретінін растады. Бірақ жұмысшылар респираторларды текке кимеген шығар? Бұдан басқа, компаниядағылар сирена, мегафондарды қоса алғанда хабарландыру жүйесі бар екенін және оны қолдануға тек полицияның рұқсаты керектігін айтты. Демек, циперметрин деген соншалықты зиянсыз болмағаны ғой, солай емес пе? Осыған қатысты ғаламтордан табылған ақпарат та оптимизм тудырмайды: «токсикаологиялық қасиеті» деген бағанда адам үшін орташа уытты, уланған жағдайда тежелушілік, қалшылдатқан ұстамалы ауру, жүрісті бұзады деп көрсетілген. Міне, ол осындай зарарсыз екен.
Жергілікті эколог Бақытжан БАЗАРБЕКТІҢ айтуынша, жалпы зиянсыз реагенттер болмайды. Химия түтінінен кейін ең алдымен соққыны нервтік және жүрек-қан тамырлары жүйесі қабылдайды. «Ішке қабылдаудың» қандай нормасы қауіпті болып табылатыны басқа мәселе. Бұл жерде медициналық сараптамасыз болмайды. Ал Б.Базарбектің пікірінше, қауіпсіздік нормаларын сақтамаған улаушылар үшін аяусыз айыппұлдар салу анағұрлым әрекетті шара болар еді
Марат ТАКУЛИН