Атырау, 24 желтоқсан 07:20
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Ақылды есептегіш кімге кедергі?

3 276 просмотра

«Атырау Энергосату» «Сименс» есептегішін ауыстыру қажеттігі туралы хабарлағаннан кейін компанияға тұрғындардан қоңыраулар мен сұрақтар қардай борады. Энергішілер 10 жыл ішінде есептегіштерді тексеруге қажетті үлгіге ие бола алмағаны үшін тұтынушылар өздерінің кінәсі жоқ деп есептейді. Алайда қажетті құрал бола тұра немістің есептегіш аспабын тексеру мүмкін емес екен. Өйткені ел аумағында оларды сертификаттау мерзімі өтіп кеткен көрінеді.

 

ӨЗІМІЗ ҮШІН ЖАҢА АСПАП

«Атырауэнерго» тәжірибе ретінде жаңа есептегіштерді сатып алған кезде, мен жылу жүйелері кәсіпорнында жұмыс істеп жүрген едім. Ең алдымен «Сименс» есептегіш аспаптарын энергішілердің пәтерлері мен шағын компаниялардың кеңселерінде орнатты. Энергішілер қазір айтып отырғандай, есептегіштердің 1 мың дана емес, бүкіл қалаға орнату үшін 3 мыңдай данасы әкелінгені есімде. Өйткені жаңа есептегіштер сапалы әрі сенімді болатын. Оларды «айналдырып қойып», сату қызметін алдау мүмкін емес, - деп әңгімелейді Людмила КИРИЧЕНКО. – Көп жылдар бойы пайдаланған абоненттер бұл аспаптың барлық артықшылықтарын бағалады. Ваучерлерді кез-келген сомаға сатып аласыз, ал «Көрсеткіш аламыз!» деп айқайлап, абоненттің пәтерін баса-көктеп кіретін бақылаушылар пәтерді сырт айналып жүреді. Енді біз жаңа есептегіштер сатып алуымыз керек. Абоненттік бөлімде есептеу аспабын кез-келген сауда нүктесінен сатып алуға болады дейді. Бірақ, Уәлиханов көшесінің бойындағы «Жаннұр» дүкенінде қымбат болса да, тексеруден өткен есептегіштердің сатылатынын ескертті. Ал басқа жерден алса, оны «Атырау-Жарықтың» метрологиялық қызметінен тексеруден өткізу керек. Бұған бір аптадай уақыт кетеді».

 

НЕМІС АСПАБЫНЫҢ ДӘУРЕНІ ӨТТІ

Тұтынушылар тексеру мерзімі өтті және есептегіш үлгісі жоқ деген сөз жай сылтау, іс жүзінде «Сименстерді» пайдалану энергішілердің өздері үшін тиімсіз болғандықтан оны алып тастағылары келеді деп есептейді. Қалған абоненттердің барлығы дифференциалдық тариф бойынша – тәулік аймағымен немесе тұтыну нормасымен төлейді. Немістердің есептегіш жүйесі бірыңғай тариф бойынша төлеуге арналған. «Сименс» бағдарламасын қайта жасау мүмкін емес. Сондықтан «Атырау Энергосату» «Сименс» қожайындарына электр қуатын орташа босату тарифімен сатуға мәжбүр болып отыр. «Оның үстіне, біздің электронды есептегіштер тек тұтынылған сапалы электр энергиясын, яғни 220 В ғана «есептеуге» арналған. Ал егер жүйедегі кернеу өзгеріп кетсе, онда аспап мұндай энергияны тіркемейді де, бірліктер қосылмайды», - дейді Л.Кириченко. «Сименс» қожайындары аспаптың жұмыс қабілетін тексеруге энергішілердің мүмкіндіктері жоқ деп күмән келтіреді. «Кернеу үнемі құбылып тұрады. Біздегі немістің есептегіш аспабы екі рет істен шығып қалды. Мен оны «Атырау-Жарықтың» метрологиялық қызметіне жөндеуге апарған едім. Ондағылар жөндеп, тексеріп, жөнделді деген анықтама берді. Осы құжаттың негізінде мамандар мен бақылаушыларды шақырдым. Олар қайтадан есептегішті орнатып берді. Содан соң ештеңе болмағандай оны пайдаландым. Соңғы рет есептегішті тамыз айында жөндеттім. Қолымда барлық құжаттарым бар. Енді неліктен оларды аяқ астынан жөндей алмайтын бола қалған?» - деп таң қалады Римма КОХ.

Ваучерлер қалай бітіп қалады деп басқа да абоненттер түсінбей дал.

Электр энергиясын сатып алу кезінде тұтынушыға алынған кВт мөлшері «жазылған» коды бар қағаз түбіртек беріледі. Бұл ұялы телефонға бірлік құю процесіне қатты ұқсайды.

Абоненттер тобы «Атырау Энергосату» мен «Нұр Отан» партиясына осы мәселені айқындап беруді өтінген хаттар жазыпты.

 

ШЕШІМ ЖАҢА ЖЫЛҒА ҚАЛДЫРЫЛДЫ

 «Атырау Энергосату» ЖШС директоры Эльмира ИСЕМБЕРГЕНОВА«Сименс» есептегіштері қожайындарының көптеген өтініштеріне байланысты «Атырау-Жарыққа» осы абоненттерге қатысты қалай болады деген мәселені қойып отырғанын айтты.

- Біз тек электр энергиясы үшін төлемақы аламыз, есептегіш аспапты тексерумен айналыспаймыз. «Атырау-Жарық» кәсіпорында тексеруге арналған есептегіш үлгінің жоқ екендігін растап отыр, - деді Э. Исембергенова. – «Атырау-Жарық» басшылығы қазір сапарға шығып кеткен. Сондықтан бұл мәселе келесі жаңа жылы ғана шешілетін болады. Қалай болғанда да «Сименс» қожайындарына ваучерлерді сату әлі жалғасуда.

– Тұтынушылар «Сименстердің» ұнамай қалуының шынайы себебі «Атырау Энергосатуға» неміс есептегіштерінің қожайындары сатып алатын бағамен электр энергиясын сату тиімсіз болған деген күмән келтіріп отыр. Мұны абоненттік бөлімнің мамандары да жасырып отырған жоқ.

– 2009 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, бізде барлық тұтынушылар дифференциалды тарифтермен – тұтыну мөлшері немесе тәулік аймағы бойынша төлейді. Заңда баламалы тариф қарастырылмаған. Дегенмен де, «Сименс» қожайындарына электр энергиясын орташа тариф бойынша саттық. Бұл аспаптың мың шақтысы әкелінді, қазір шамамен оның 40 пайызы істен шыққан. Ал енді олардың пайдалану мерзімдері өтіп кетті. Сондықтан олар тексеруден өтуі керек немесе ауыстырылуы қажет. Олар тіпті аспаптар тізілімінде де жоқ сияқты.

– Демек, біз аспаптарды заңнан тыс пайдаланып жүрміз бе? Оларды орнатар кезде неліктен бұл туралы бізге хабардар етпеген?

– Мұны растай алмаймын. Бірақ соңғы рет тізілімді қараған кезде, «Сименс» есептегіші болмаған сияқты.

– Тұтынушылардың көпшілігі осы аспаптарды сіздердің бақылаушыларыңыздан құтылу үшін орнатқан. Олардың қылықтары сын көтермейді ғой: есікті тарсылдатып, айқай шығарып, жарықты айырамыз деп қоқан-лоқы көрсетеді. Ал басқа коммуналдық қызметтердің қызметкерлері өздерін анағұрлым сыпайы ұстайды.

– Сондықтан да оларда шығындар деңгейі мен абоненттер қарызы көп. Біздің қызмет анағұрлым жылдам әрі тиімді жұмыс істеп, төлемдер мен қарыздар мерзімінің өтіп кетуіне жол бермей отырмыз.

– Сіздердің абоненттеріңіз Кох растап отырғандай, оның «Сименс» есептегішін сіздер әлденеше рет жөндеуден өткізіпсіздер...

– Бұл есептегіш сынып қалған жоқ, кернеудің құбылуы салдарынан блокталып қалған. Метрологиялық қызмет мамандары қажетті кодты енгізіп, есептегіш қайтадан жұмыс істей бастады.

 

СИМЕНСТЕР ЗАҢҒА ҚАЙШЫ

Коммуналдық қызметтер есептегіш аспаптарға тексеру жүргізуге өздерінің кәсіпорын зертханалары ғана емес, басқа да мекемелердің құқығы бар екенін, бастысы – осындай қызмет көрсету үшін лицензиясының болуы керектігін әлденеше рет атап өтті. Сондықтан біз комментарий алу үшін Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына хабарласқан едік. Берілген жауап бізді қатты таң қалдырды: «Сименс» есептегішіне тексеру жүргізуге болмайды екен. Өйткені олардың ҚР өлшеу құралдарының тізілімінен шығып қалғанына көп жыл болыпты. «Кезінде тізілімде «Сименс» фирмасының 4 түрлі есептегіші болды. Электрлі бір фазалы, электронды, екітарифті есептегіштерді сертификаттау мерзімі 2005 жылы өтіп кетті. 2007 жылы электрлі, үшфазалы, электронды, көптарифті есептегіштерді сертификаттау аяқталды. Сәл ертерек, 2003 жылы көпфункциялы есептегіштің мерзімі өтті. Алдын ала төлеу, электронды, бір фазалы электр есептегішін сертификаттау мерзімі 2005 жылы тәмамдалды. Тексеру аралығы әдетте есептегіш құралының төлқұжатында көрсетіледі. Ал оның сақталуына мүдделі коммуналдық қызметтер бақылау жасауы тиіс. Сертификаттау мерзімі өткен аспаптарға тексеру жүргізуге болмайды», - деп хабарлады Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының метрология бөлімінің бастығы Асхат ОСПАНОВ.

Сондықтан «Сименс» қожайындары «Атырау Энергосату» хабарламаларында көрсетілген себеп бойынша емес, есептегіш аспаптарының сертификаттау мерзімі біткендіктен есептегіштерін тексеруден өткізе алмайды. Бізге электр энергиясын сататын және есептеу аспабының дұрыстығына бақылау жасауға тиісті энергішілердің бұдан бейхабар екендігі қызық көрінді...

Электр энергиясының қарапайым есептегіштерін пайдаланатын абоненттердің құқықтары туралы да ұмытуға болмайды. «Сименс» қожайындарымен салыстырғанда, олар тиімсіз жағдайда екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Сименстердің» көп бөлігі энергішілердің өздерінің пәтерлеріне орнатылған. Электр қуаты үшін дифференциалды төлем енгізілгеннен бастап олар үнемдеп, ал біз көп ақша төлеген боп шықтық. Неге мұндай әділетсіздік орын алған? Кәсіпорын өзінің барлық абоненттері үшін әлсін-әлі «Сименс» қожайындарының ваучерлерді қаншалықты жиі сатып алатынын, айына электр қуатын қанша шығындайтынын есептеп, тең жағдай жасауға міндетті ғой», - деп наразылық білдіреді қарапайым есептегіші барЕлена КРАВЦОВА.

«Бұл жағдайда тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуға қатысты құқықтары бұзылған, - деп түсінік берді адвокат Александр РОТЕНБЕРГ. – Қарапайым есептегіш иелері «Атырау Энергосатуға» тәулік аймағы немесе тұтыну нормасы бойынша дифференциалдық тарифпен емес, орташа босату құны 5,5 тг/кВт бойынша «Сименс» аспабының қожайындарынан қандай негізде (нормативтік-құқықтық акт, бұйрық, қаулы, ішкі бұйрық) төлемақы алып отырғанын түсіндіріп беру өтінішімен хат жаза алады. Егер кәсіпорын басшысы тұтынушылардың өтінішін елемейтін болса, тұтынушылардың сотқа шағымдануға құқығы бар».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 желтоқсан 2011, 21:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.