4 мамырда Атырауда Мұнайсервис компаниялары одағы дәстүрлі «ҚазМұнайГазСервис-2016: Мұнайгаз құрылысы және инжиниринг» конференциясын өткізді.
ӨЗГЕШЕ АТМОСФЕРА
Мұнай сервис компаниялары үшін бесінші конференция энергетика министрлігі мен «Казэнерджи» мұнайгаз және энергетика кешені қауымдастығының қолдауымен өтті. Қазіргі экономикалық ахуал конференция атмосферасына елеулі өзгерістер әкелді. Егер бұрын оны «сенімді игілік» деп сипаттауға болатын болса, биыл Мұнайсервис компаниялары одағы әзірленіп жатқан жер қойнауы туралы жаңа кодекске едәуір алаңдаушылық білдірген құжатты баспасөз хабарламасы есебінде шығарған.
Хат сарынына қарағанда, біріккен жобалардағы онсыз да аз қазақстандық қамту үлесі жоққа шығуы мүмкін. Мұнай бағасының төмендігі бүкіл мұнай компанияларын дерлік оңтайлануға және шығындарды қысқартуға мәжбүрледі. Қазақстанда 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнайсервис жұмыстарының көлемі орташа алғанда 25 пайызға қысқарған, бұл мұнайдың орташа бағасы бір барреліне 51 доллар болғанда. Ал 2016 жылдың бірінші тоқсанында мұнай бағасы 40 доллардан асқан жоқ.
– Қазіргі кезде мемлекеттік органдар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс жобасын әзірлеуде. Ол кешікпей 2010 жылғы 24 маусымда қабылданған қолданыстағы «Жер қойнауы және жер қойнауые пайдалану туралы» ҚР заңын алмастырады. Жер қойнауы туралы кодекс жобасында ДСҰ мен ЕАЭО талаптарына қайшы келмейтін қазақстандық бизнесті қолдау шаралары алынып тасталған, - деді Қазақстанның мұнайсервис компаниялары одағының бас директоры Нұрлан ЖҰМАҒҰЛОВ.
Әңгіме жер пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алулар бойынша жергілікті қамту және кадрлардағы, сондай-ақ оқыту саласындағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелерінің, келісім шарттардың орындалуына бақылаудың жоқтығы, келісімшарттар мен басқа да шетелдік жер қойнауын пайдаланушыларға әсер етудің маңызды құралдарындағы жұмыстар/қызметтердің жергілікті қамту бойынша минималды міндеттемелерінің (50 пайыз) жоқтығы туралы болып отыр.
«ЖАҚСЫ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДІ АУЫСТЫРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ҚАНША?»
Осы нарыққа қатысушылар үшін ахуалдың салмақтылығы сондай, олар тіпті: «қолданыстағы Жер қойнауы туралы» заңда жазылған қазақстандық бизнесті қолдаудың жоғарыда аталған шараларынан бас тартылған жағдайда, қазақстандық бизнестің кәсіпкерлік белсенділігі төмендеп, мұнай өндіруші өңірлерде әлеуметтік шиеленіс күшеюі ықтимал» деп, жабырқатар саяси жорамал жасап қойған.
– Осы жүйенің жұмыс істеуі нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушылардың мұнайгаз секторынан тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (ТЖҚ) сатып алу бойынша жергілікті қамту көлемі 2010-2015 жылдар аралығында үш еседен астамға немесе 1,6 триллион теңгеге көбейді. Осы уақыт ішінде қазақстандық ТЖҚ өндірушілер 5,8 трлн теңгеден астам жиынтық сомаға тапсырыстар алды. Бұдан басқа, бес жыл ішінде жер қойнауын пайдаланушылар 4,7 млрд теңгеден астам сомаға ҚР-ның 6500-ден астам азаматын оқытты. Штаттағы қазақстандық қызметкерлер үлесі 98 пайызға дейін көбейді. Өз кезегінде, шетелдік қызметкерлер саны 30 пайызға азайды, - деді Жұмағұлов. – Бүгінгі күні қолданыстағы заңнама нормалары жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу процесінің ашықтығын арттыруға көмектесті. Егер отандық ТЖҚ өндірушілер үшін жергілікті қамту жүйесі енгізілгенге дейін жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулар қызметіне қатысуы оның ашық болмауы себепті проблема болған болса, енді заңнаманың қолданыстағы нормалары бойынша бұл проблема азайды.
СІЗДЕРДІҢ ТУРА ОН МИНУТТАРЫҢЫЗ БАР
Конференцияда Қазақстанның мұнай өндіруші салаларының ірі жобалары талқыланды. «Мұнайгаз құрылысы» секциясында айтылған мәліметтер бойынша, «Теңіз», «Қашаған», «Қарашығанақ» секілді жобаларды қосқанда мұнайгаз құрылысының нарығы жылына 4 млрд долларға, мұнайгаз инжиниринг нарығы – 1,2 млрд долларға бағаланады.
Инжиниринг техникалық және технологиялық дамудың, жекелеген салалардың, жалпы ел экономикасының маңызды шарты болып табылады. Қазақстанда инжинирингті дамыту маңыздылығы деген түсінік бар. Бір жыл бұрын жобалау бойынша біріккен кәсіпорындағы міндетті минималды қазақстандық үлес туралы нормаға қолдау көрсетілді. Екінші жағынан, озат өндірістік базаны, озат жабдықтар мен бағдарламалық қамтуларды, кадрлық құрамды жасақтаған қазақстандық компаниялардың пулы қалыптасуда. Бюджеті 35 млрд доллардан асатын Теңіз кенішінің келешек кеңею жобасы ұсынылып, осы жобадағы қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер талқыланды, сондай-ақ Қарашығанақ кенішін кеңейту жобасы талқыға салынды. «Ірі мұнайгаз операторларының сатып алулар жоспарлары» секциясында «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролеум Оперэйтинг Б.В.» және «Норт Каспиан Оперэйтинг Компании» компанияларының өкілдері «Теңіз», «Қарашығанақ» және «Қашаған» кеніштеріне арналған сатып алулар туралы баяндамалар жасады. «ТШО жобаларындағы мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қойылатын негізгі талаптар» секциясында жұмыс істеуші және ықтимал мердігерлер өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сараптамалық комментарийлер мен кеңестер алды.
Конференцияның жұмыс күні В2В немесе speed-dating форматындағы екіжақты кездесу сериясымен аяқталды: мердігерлер жер қойнауын пайдаланушыларды өздерімен жұмыс істеуге сендіру үшін 10 минуттан уақыт алды.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген автор
ТШО туралы пікір
Теңізшевройлдың қазақстандық мердігерлермен ынтымақтастығын талқылау барысында ТШО-ны формализм мен бюрократияға айыптаған павлодарлық «KSP-Steel» тұрба зауыты бас директорының орынбасары Илья ЛОБАШЕВСКИЙ залдан қойылған сұрақтар сессиясын едәуір жандандырып жіберді:
– Мен энергетика министрлігінің өкілдеріне айтарым бар. Олардан зауытқа келіп, тиісті аудит жүргізуді өтінемін. 4 жыл бойына біз ТШО-мен байланыс орнатуға жұмыстанып келеміз, бірақ не көріп отырмыз? Олар арсыздықпен әрекет етіп отыр, бұл сөзден қорықпаймын. Біз екі мәрте оларды аудит жүргізу үшін зауытымызға жібердік. Сынау үшін өнімімізді жеткіздік, олардың көп пайызын айқын негізсіз ақаулы деп атады. Ал бұл ақпарат толықтай ақиқатқа сай келмейді. ТШО ІРІ стандартының мүшесі болып табылады, сөйте тұра олар бұл сертификатты мойындамайды. Біз халықаралық ІРІ-ге шығып, өзіміздің сәйкестігімізді дәлелдеуге мәжбүрміз.
Бұл компанияның жауап беру мәнері наразылық тудырады - әдемі сөздің астарында бәрі керемет болып тұрған жоқ, ТШО жасайтын келісімшарттар «кім төлесе, сол әуенге тапсырыс береді» деген принцип бойынша жазылған. Олар іс жүзінде ҚР-ның құқықтық алаңы мен Конституцияны бұзып, қазақстандық отандық өндірушіні олармен қандай да болмасын дебаттарға шығу немесе талқылау құқығынан айырып отыр. Біздің заңгерлеріміз қайда, олар қайда қарап отыр? Шегі жетті ғой.
Біз бүкіл өнімді шығаруға әзірміз, оны басқа елдер сатып алуда, ал Қазақстан одан бас тартып отыр. ТШО саясатына қарағанда, қазақстандық қамту қолғаппен, арзан жұмыс күшімен және шеге-күрекпен шектелетін болғаны ғой?
Зал оған ду қол шапалақтады. Ал «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Әнуарбек ЖАКИЕВ бұл мәселенің министрліктің қарауын талап етпейтінін атап, Лобашевскийге оны «жұмыс тәртібімен, екі субъекті арасында» шешуді ұсынды.