Атырау, 19 қараша 10:25
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Алматы: митинг пе, әлде қоғамдық тыңдау ма?

6 394 просмотра

Оңтүстік астанадағы «жер мәселесі» бойынша қоғамдық тыңдау бастамашыларының бірі, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек СӘРСЕНБАЙ «АЖ» үшін азаматтық белсенділердің Алматы қаласы әкімдігімен келіссөздері төңірегіндегі ахуалға комментарий берді.

- 29 сәуірде полицияның қалалық әкімдікке жер мәселесі бойынша бейбіт митинг өткізу жөнінде өтініш беру тақырыбындағы баспасөз конференциямызды болдырмай, бірнеше азаматтық белсенділер мен журналистерді ұстап әкеткендігі белгілі.

Осыдан кейін 2 мамырда әкімдік бізге қоғамдық тыңдау өткізуді ұсынды. Біз мұны жария дебаты болады, ол жерде «Алматы» арнасы бойынша хабар таратылып, баспасөз қатысып, кез келген ниет білдіруші азамат сұрақ қоя алады деп келістік. Тыңдауды 4 мамырға белгіледік. Бірақ кейін әкімдік жұртшылықпен диалог жасаудан бас тартты. Біз олай болса 7 мамырда Республика алаңына шығатынымыз жөнінде билікке ескерттік. Әрине, қабыл алмады – бұл күні алаңда Жеңіс күніне орай мерекелік шаралар жоспарланған. Әдеттегідей, билік «Сарыарқа» кинотеатры маңындағы саябақты ұсынды.

Осыдан кейін күтпеген жерден әкімдік жұртшылықпен диалог жасау идеясымен келісіп, 6 мамырда жария дебат өткізуді ұсынды.

Біз 7 мамырда өткіземіз деп, бас тарттық. Әкімдіктен әлі күнге дейін жауап жоқ.

Біздің пікірімізше, билік Жер кодексі бойынша ешқандай қоғамдық тыңдау мен жария дебаттар өткізейін деп отырған жоқ.

- Ал сіздер қоғамдық тыңдауда қандай талаптар қоймақ едіңіздер?

- Ең алдымен бұл ҚР Жер кодексіне мораторий енгізу жөнінде, содан кейін оған өзгерістер енгізу үшін қоғамдық комиссия құру.

Қоғамдық тыңдауда тек алматылық фермерлер ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен де, сарапшы-экономисттер, саясаттанушылар, ел тағдырына бей-жай қарамайтын барша жан сөз сөйлеуге келісті. Билік халықпен дебатқа шықса жеңілетінін біледі, олардың көңілге қонбайтын дәлелдерін естідік. Міне сондықтан үндемей, уақыт созып отыр.

- Диалог өрбімесе, әрі қарайғы әрекетіңіз қандай?

- Бұл жағдайда 7 мамырда сағат 12-де біз пікірлестерімізбен (әңгіме кезінде Сәрсенбаевтың жанында азаматтық белсенді Мұхтар ТАЙЖАН болды – автордың ескертпесі) Республика алаңына шығып, ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беру жөніндегі билік жоспарымен келіспейтіндігімізді білдіреміз. Атап айтқанда, біз ешкімді рұқсат етілмеген митингке шығуға шақырып отырғанымыз жоқ. Жеке наразылығымызды білдіру – бұл біздің конституциялық құқығымыз.

- Неліктен 7 мамырда? Әлеуметтік желілерде басқа күн айтылып жүр ғой.

- Рұқсат етілмеген митингтер бүкіл елімізде өтіп жатыр, күн сайын дерлік өз елінің болашағына селқос қарамайтын адамдар алаңға шығып жатыр. Бір күнге немесе уақытқа қарамай, өз жүрек қалауларымен жасауда. Біз алаңға 7 мамырда шықпақпыз, егер бізді қамауға алмаса, тағы да шығамыз...

Бізді 29 сәуірде ұстаған кезде, біз аудан әкіміне, полиция бастығы мен прокурорға қоқан-лоққымен және қамауға алумен сіздер керісінше халықты наразылыққа итермелеп отырсыздар, адамдар жерлерін қорғағысы келеді, өздерін бейбіт тыңдаса екен дейді, ал сіздер келіп оларды Назарбаевқа қарсы етіп қоясыздар деп айттық.

Азамат МАЙТАНОВ

5 мамыр 2016, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.