Қазақстан перзиденті Нұрсұлтан Назарбаев республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында елдің дамуына үлес қосқандары үшін бірқатар саяси және қоғам қайраткерлерін марапаттады, деп хабарлады агенттіктің тілшісі.
Атап айтқанда, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы елдің тұңғыш премьер-министрі, қазіргі кезде «Интеграция» (Халықаралық қоры) Басқармасының төрағасы қызметін атқаратын Сергей Терещенко мен Қазақстандық мұнай және газ институтының директоры Ұзақбай Қарабалинге берілді.
III-ші дәрежелі «Барыс» орденімен қазақстандық кәсіпкерлер Александр Машкевич, Патох Шодиев және мемлекеттік қайраткер Серік Үмбетов марапатталды.
Дереккөз: "Қазақстан жаңалықтары"