Атырау, 12 желтоқсан 08:55
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Бәрі де полиция үшін, бәрі де тәртіп үшін

3 427 просмотра

12 желтоқсанда Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиналыста полицияның үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Облыстың бас полицейі Рахмаджан ДОСАНОВ ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен, «Арлан» арнайы жасағының аға инспекторы Санат НАҒИМОВ, полиция капитаны Ардар САҒЫНАЛИЕВ, Алмалы поселкелік бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Азамат МҰРАТ (суретте) және Махамбет АІІБ учаскелік инспекторы Исатай АМАНҒАЛИЕВ ҚР ІІМ грамоталарымен марапатталды. ІІД экстремизммен күрес басқармасы бастығының орынбасары Өтепберген САРБАСОВ, жедел өкілетті маман Роман ЕРМҰХАНОВ пен тағы екі қызметкер «ІІМ озаты» төсбелгілерін иеленді. 25 қызметкер тәуелсіздіктің 20 жылдығы құрметіне мерейтолық медальдар алды. Бұдан басқа, үздік полицейлер кезектен тыс атақ пен облыс әкімінің алғыс хаттарын алды, 900-ден астам адам ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«Соңғы кездері еліміз бойынша түрлі оқиғалар орын алып жатыр. Экстремизммен күрес тұрғысында ішкі органдардың қызметкерлері алдыңғы орында еңбек етуде. Әкімдікпен бірігіп олар ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр», - деп атап өтті облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ.

Аймақ басшысы ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін көп жұмыс атқаруда. Исатай және Индер аудандарында аудандық полиция бөлімдерінің жаңа ғимараттары салынып, Алмагүл ықшам ауданы мен Балықшы поселкесінде жаңа полиция бөлімшелері ашылды. ІІД жедел басқару орталығы іске қосылды. Соңғы 3-4 жылда полицейлер 120 пәтерге ие болды. Жақын арада тағы 30 қызметкер қоныс тойын тойламақ. Бұдан басқа облыс әкімі оларға Нұрсая ықшам ауданынан 50 жер учаскесін бөлуге уәде берді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 желтоқсан 2011, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.