Қарашығанақ консорциумы 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңдегі түсініспеушіліктерді реттеу есебінен Қазақстанға 5%-дық үлесін беруге және қатысудың 5%-дық үлесін нарықтық бағамен сатуға, осылайша ҚР-дың жобаға қатысу үлесін 10%-ға жеткізуге келісті.
«Егер Қазақстан Республикасының мүдделері туралы айтатын болсақ, біз мемлекеттік органдардың: салық және кедендік органдарының барлық наразылықтарын реттеуге айырбас ретінде 5% алдық. Салықсыз $1 млрд бағамен тағы 5% алдық, осының нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» 10%-дық үлес көлемінде жобаның қатысушысы атанды», - деп хабарлады ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев сәрсенбі күні үкіметте келісімге қол қою рәсімінен кейін.
«ҚазМұнайГаз» ол 5%-ға заем алды және тараптар арбитраждық шағымдар мен талаптарын кері қайтарады», - деді министр.
«Консорциум «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына 3 жылға 1 млрд доллар заем береді. ҚМГ бұл заемды 10%-дық үлес генерациялайтын қаржы ағымдары есебінен өтеп, оған қызмет көрсетеді», - деп түсіндірді С.Мыңбаев.
Оның атап көрсетуінше, бұл келісім – екі жақтың 2,5 жылдағы жұмысының нәтижесі. «Біз қанағаттанып отырмыз, консорциум да бұл келісімнің өз мүдделерін көздейтінін қуаттады», - деді С. Мыңбаев.
«Бізде кедендік төлемдерді төлеу бойынша даулы мәселелер болған, консорциум ол төлемдерді төлемейді. Сонымен қатар, бұл Ұлттық қор бюджетінің пайдасына ағымның азаятынын білдірмейді. Қолданыстағы келісімде әділдік индексі бар, бұл төлемдер кіріс мұнайын арттыру арқылы өтеледі», - деді С.Мыңбаев.
«Қазір 30 маусымға дейін (2012 жылдың) орындалуға тиіс бірқатар шарттар бар. Олар заңнаманы түзетуге, ҚҚС мәселелеріне қатысты. Бұл шарттардың бәрі орындалады деп отырмыз», - деді министр.
«Уағдаластықтардың нәтижесі тараптардың экономикалық пайдасы ғана емес, тұрақтандырылған салық заңнамасы қалай жұмыс істейтінін нақтырақ түсіну болып отыр», - деп атап көрсетті ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев.
«Салық бойынша шағымдардың жалпы сомасының үштен бір бөлігінен артығы 500 млн доллар, ол Орынбор газ зауытына жеткізілімдерге қатысты. Тараптар жеткізілімдерді нарықтық бағамен жүзеге асыруға болады деп есептеуге болмайды дегенмен келісті», - деп атап көрсетті Б. Жәмішев.
«Басқа мәселелерге келетін болсақ, 400 миллион доллардан асатын салық бойынша наразылықтардың $100 млн төленеді», - деп нақтылады ол.
«Жалпы, егер Ұлттық қорға түсімдерді қоса есептегендегі кірістерді қарасақ, Қазақстан Республикасы кірісті мұнайдан өз үлесін алу арқылы экспорттық баж салықтарын төлемеуден көбірек ұтады», - деп қорытындылады қаржы министрі.
Бұдан басқа, тараптар шығындарды бақылаудың уағдаласқан механизмін қолдануға келісті, ол Қазақстан жағына кен орнында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын шығындарға бақылауды арттыруға мүмкіндік береді. ҚР мен консорциум салық салу, кедендік төлемдер, шығындарды өтеу сияқты мәселелер бойынша айқындылыққа барынша қол жеткізуге арналған маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Қазақстан Қарашығанақ консорциумымен келісімшарттың тұрақтылығын қуаттады. Қазақстан жағының жобаға қатысушы ретінде кіргенін назарға ала отырып, еліміз Каспий құбыры консорциумында жылына 2 млн тоннаға дейін арттырумен жылына 0,5 мон тонна көлемінде қосымша квота бөлуге келісті.
«Бірінші квота - 500 мың 30 маусымнан кейін, барлық процедуралар аяқталғаннан кейін, 1 млн квота КҚК кеңейтудің екінші кезеңімен байланысты, ал соңғы 500 мың 2015 жылы КҚК толық кеңейтумен байланысты», - деп хабарлады С.Мыңбаев.
«Үшінші фаза (кен орнын игерудің - ҚазТАГ) қарастырылып отырған түрінде жоқ, бұл жоба белгілі бір түрде модификацияланатыны түсінікті. Оның конфигурациясы қандай болатыны, оның тараптардың қолдау-қолдамауы алдағы уақыттағы талқылау, келісу мен бекіту шараларының мәселесі», - деді МГМ басшысы.
Келісімшарттың ақырғы аяқталуы екі жақтың бірнеше шартты орындауына байланысты болады және 2012 жылдың І жарты жылдығында болуға тиіс. Мәміле аяқталғанда уағдаластықтардың бәрі күшіне енеді де, «ҚазМұнайГаз» Қарашығанақ жобасының қатысушысы (10%) атанады.
Бұрын хабарланғандай, ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанның Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КРО) акционері болғысы келетіндігін 2009-шы жылы желтоқсанда алғаш рет мәлім етті. 2010 жылдың маусымында ол Қазақстан Қашаған жобасында жасағандай, КРО-мен келіссөздерде де өз мүдделерін қорғайтынын қуаттады. Сол айда ҚМГ президенті Қайыргелді Қабылдин ҚМГ-ның КРО консорциумының 10%-дық үлесін сатып алу ниеті барын жеткізді.
Бұл ретте 2010-шы жылдың басынан бастап ҚР мемлекеттік органдарында консорциумға олардың салық, кеден, экологиялық және басқа да нормаларды сақтауына қатысты мәселелер туындап кетті.
Karachaganak Petroleum Operating B.V. әлемдегі ірі мұнай-газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын игеріп жатыр. Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан Қарашығанақ кен орнының аумағы 280 ш. метр, оның қоры 1,2 млрд тонна мұнай және конденсат, 1,35 трлн текше метр газды құрайды.
1997 жылы 40 жыл мерзімге қол қойылған ӨБК-ге сәйкес, BG Group (32,5%), Eni (32,5%), Chevron (20%) және «Лукойл» «15%» компанияларының бірлескен кәсіпорны болып табылады.
Дереккөз: "ҚазТАГ"