Лаңкесті ұстауда қаза тапқан, Тараз қаласы жол полициясы жеке батальонының взвод командирі Ғазиз Байтасовқа «Халық қаһарманы» атағы берілді, деп хабарлады агенттіктің тілшісі Ақордада өтіп жатқан мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанатынан.
«Халық қаһарманы» атағы Тараз қаласында өз елдестерінің тыныш өмірін қорғауда қаза тапқан Байтасовқа тапсырылады. Біздің елдегі құқықтық тәртіпті қорғауда өмірлерін қиған басқаларға да наградалар беріледі», - деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев марапаттау салтанатында.
Награданы Байтасовтың зайыбы Гүлжамал Тәжиева алды.
Полиция капитаны Ғазиз Байтасов Тараз қаласында лаңкесті ұстау барысында ерлікпен қаза тапқан болатын.