Атырау, 5 қараша 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

16 желтоқсан американдық Хьюстон қаласында Қазақстан Республикасының күні деп жарияланды

3 852 просмотра

Хьюстон қаласында - Құрама Штаттардың «мұнай астанасында» ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен «Шаңырақ» қорының ұйымдастыруымен  Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне мерекелік шара өтті.

Салтанатты кеште ҚР-ның АҚШ-тағы елшілігінің өкілдері онда елші Ерлан Ыдырысовтың атынан отандастарымыз бен қонақтарды Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен, сондай-ақ ҚР-АҚШ дипломатиялық қатынастарының орнатылғанына 20 жыл толуымен құттықтады.

Қазақстанның мерейтойын атап өтуге АҚШ Конгресінің, Хьюстон қаласы мэрінің, Техас штатының астанасында орналасқан консульдық корпустың, әртүрлі елдер мәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Мэрия өкілі мэр Э.Паркердің ресми құттықтауын оқып берді, онда біздің мемлекетіміздің үлкен жетістіктері құрметіне 2011 жылғы 16 желтоқсан Хьюстон қаласындағы Қазақстан Республикасы күні болып жарияланған. Техас штатынан конгрессмен А.Гриннің кеңсесінің жетекшісі оның атынан ресми құттықтауды оқып берді, онда қысқа мерзімде саяси тұрақты және экономикалық жағынан күшті мемлекет құрған Қазақстанға жоғары баға берілген.

Мерекелік кеште сондай-ақ ірі «ENI» мұнай компаниясы американдық филиалының президенті Л.Васкес құттықтау сөз сөйлеп, біздің еліміздің экономикалық табыстарына жоғары баға берді және Қазақстанның болашағы бұдан да жарқын болатынына сенімін білдірді.

Мерекелік кешке қатысушылар қазақ дастарқанынан дәм татып, ұлы даланың музыкалық мұраларымен және қазақ халқының би өнерімен танысты. Онда американдық Э.Хемингуэйдің орындауындағы «Атамекен» және «Менің елім Қазақстан» әндеріне біздің отандастарымыз ризашылықпен қол соқты.

«Шаңырақ» қорын Хьюстон қаласында тұратын біздің отандастарымыз 2008 жылы құрған болатын. Қордың төрағасы Нариман Өтемісов атап өткендей, оның мақсаты - Қазақстан мен АҚШ арасындағы әріптестікті тереңдету, Қазақстан туралы білімдерді, оның тарихын, мәдениетін тарату, Техас штатында тұратын отандастарымызға қолдау көрсету болды.  

http://www.inform.kz/kaz/article/2425873

13 желтоқсан 2011, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.